Kaspersky Endpoint Security және AES шифрлау модулі ТҮПКІ ПАЙДАЛАНУШЫСЫНЫҢ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМДЕРІ; ЖӘНЕ Өнімдер мен Қызметтерге ҚАТЫСТЫ ҚҰПИЯЛЫҚ САЯСАТЫ Kaspersky Endpoint Security ТҮПКІ ПАЙДАЛАНУШЫСЫНЫҢ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМІ («ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМ»)   БАРЛЫҚ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА БЕРІЛЕТІН МАҢЫЗДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЕСКЕРТУ: БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕЛІСІМДІ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ.   ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМДІ ҚАМТИТЫН ТЕРЕЗЕДЕГІ ШАРТТАРДЫ ҚАБЫЛДАЙТЫНЫҢЫЗДЫ БІЛДІРЕТІН ТҮЙМЕНІ БАСУ НЕМЕСЕ ТИІСТІ ТАҢБАНЫ (-ЛАРДЫ) ЕНГІЗУ АРҚЫЛЫ ЗАҢДЫ ТҮРДЕ СІЗ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ ЖҮКТЕЛГЕН НЕ САТЫП АЛЫНҒАН ҰЙЫМ РЕТІНДЕ СІЗ ҮШІН НЕМЕСЕ СІЗДІҢ АТЫҢЫЗДАН ОСЫ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМГЕ КЕЛУ МАҚСАТЫНДА ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА ОСЫ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМ ШАРТТАРЫН ҚАБЫЛДАУҒА РҰҚСАТ ЕТКЕНІҢІЗДІ РАСТАЙСЫЗ. БҰҒАН ҚОСА, ОСЫ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫНА КЕЛІСЕСІЗ. ОНДАЙ ӘРЕКЕТ СІЗДІҢ ҚОЛТАҢБАҢЫЗ РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ ЖӘНЕ СІЗДІҢ ОСЫ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМ ШАРТТАРЫНА ӨЗ КЕЛІСІМІҢІЗДІ БЕРІП, ОНЫҢ БІР БӨЛІГІ БОЛЫП ТАБЫЛАСЫЗ ЖӘНЕ БҰЛ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ СІЗ ҚОЛ ҚОЙҒАН КЕЗ КЕЛГЕН ЖАЗБАША КЕЛІСІМ СИЯҚТЫ КҮШІ БАР ЕКЕНІНЕ КЕЛІСЕСІЗ. ЕГЕР ОСЫ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ҚАНДАЙ ДА БІР ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫНА КЕЛІСПЕСЕҢІЗ, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ОРНАТУДАН БАС ТАРТЫҢЫЗ ЖӘНЕ ОНЫ ОРНАТПАҢЫЗ.   ЕГЕР БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛМЕН БІРГЕ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМШАРТ НЕМЕСЕ СОҒАН ҰҚСАС ҚАНДАЙ ДА БІР ҚҰЖАТ БОЛСА, ОНДАЙ ҚҰЖАТТАҒЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ АҒЫМДАҒЫ ТҮПКІ ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМІНЕН БАСЫМ БОЛАДЫ.   ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМ ТЕРЕЗЕСІНДЕГІ ШАРТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ТҮЙМЕСІН БАСҚАННАН КЕЙІН НЕМЕСЕ ТИІСТІ ТАҢБАНЫ (-ЛАРДЫ) ЕНГІЗГЕННЕН КЕЙІН, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ОСЫ КЕЛІСІМ ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС ПАЙДАЛАНУҒА ҚҰҚЫҒЫҢЫЗ БОЛАДЫ.   1. Анықтамалар 1.1. Бағдарламалық құрал кез келген бағдарламалық құралды, соның ішінде Жаңартулар мен қатысты материалдарды білдіреді. 1.2. Құқық иесі (Бағдарламалық құралға ерекше немесе басқа барлық құқықтардың иесі) Ресей Федерациясы заңдарына сәйкес тіркелген «Лаборатория Касперского» АҚ болып табылады. 1.3. Компьютер(лер) Бағдарламалық құрал орнатылатын және/немесе пайдаланылатын, Бағдарламалық құрал арнап жасалған жабдықт(ард)ың жиынтығын, соның ішінде дербес компьютерлерді, ноутбуктарды, жұмыс станцияларын, жеке сандық көмекші құралдарды, «смартфонды», қол құрылғыларын немесе басқа электрондық құрылғыларды және операциялық жүйелерді (соның ішінде жүйелік виртуалды машиналарды) білдіреді. 1.4. Түпкі пайдаланушы (Сіз/Сіздің) – Бағдарламалық құралды жүктеп немесе сатып алған мекемені білдіреді және осы құжатта сондай мекеме осы келісімді қабылдайтын тұлғаға мекеменің атынан солай істеуге рұқсат бергені мәлімденеді. Осы келісім мақсаттарында «ұйым» термині серіктестікті, жауапкершілігі шектеулі компанияны, корпорацияны, қауымдастықты, акционерлік қоғамды, қорды, бірлескен кәсіпорынды, еңбек ұйымын, акционерлік емес ұйымды немесе мемлекеттік органды және т.б. білдіреді. 1.5. Серіктес(тер) – Құқық иесімен бірге келісім және лицензия негізінде Бағдарламалық құралды тарататын ұйымдар немесе жеке тұлға(лар) болып есептеледі. 1.6. Жаңарту(лар)ға барлық бір жетілдіру жұмыстары, шығарылымдар, пакеттер, кеңейтімдер, түзетпелер, өзгерістер, көшірмелер, қосылған функциялар немесе техникалық қызмет көрсету бумалары т.б. кіреді. 1.7. Пайдаланушы нұсқаулығы пайдаланушы нұсқаулығын, әкімші нұсқаулығын, анықтамалық кітапты және байланысты түсіндіру немесе басқа материалдарды білдіреді. Пайдаланушы нұсқаулығының онлайн нұсқасын Құқық иесінің веб-сайтынан (https://www.kaspersky.com) табуға болады және қажет болған жағдайда жаңартылуы мүмкін. 1.8. Іске қосу коды – бағдарламалық құралды іске қосу үшін қолдануға болатын бірегей таңбалар жиыны. 1.9. Кілт файлы – бағдарламалық құралды іске қосу үшін қолдануға болатын «.key» кеңейтімі бар файлды білдіреді. 1.10. Лицензиялық сертификат Кілт файлымен және Іске қосу кодымен, сондай-ақ лицензия туралы қосымша ақпаратпен бірге берілетін Түпкі пайдаланушыға берілетін құжатты білдіреді. 1.11. Веб-портал – Құқық иесі тарапынан көрсетілетін қызметтер, ол орнатылған Бағдарламалық құрал мен берілген лицензияларды басқару үшін қолданылады, сондай-ақ Бағдарламалық құралдан ақпарат алуға және/немесе алынған ақпаратты сақтауға және техникалық қолдау қызметіне хабарласуға қолданылады. Веб-ресурс ретінде «Компания есептік жазбасын», «Kaspersky Endpoint Security бұлтын» пайдалануға болады. Жоғарыда айтылған мақсатта басқа веб-ресурстар да қолданылуы мүмкін.   2. Лицензия беру 2.1. Пайдаланушы нұсқаулығында немесе Құқық иесінің техникалық қолдау көрсету веб-торабында сипатталған функция ауқымында Бағдарламалық құралды пайдалану бойынша айрықша емес лицензия беріледі және осы Пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген барлық техникалық талаптарды, сондай-ақ Лицензиялық келісімде көрсетілген шектеулерді және пайдалану шарттарын сақтауыңыз керек. Сынақ нұсқа. Егер Сіз бағдарламалық құралдың сынақ нұсқасын алсаңыз, жүктеп алсаңыз және/немесе орнатсаңыз және Бағдарламалық құрал бағалау лицензиясы берілсе, басқаша көрсетілмеген жағдайда бастапқы орнату күнінен бастап Сіз бағдарламалық құралды тек бағалау мақсаттарына және тек бір рет қолданылатын бағалау кезеңінде пайдалана аласыз. Бағдарламалық құралды басқа мақсаттарға немесе тиісті бағалау кезеңінен тыс пайдалануға тыйым салынады. Бірнеше ортаға арналған бағдарламалық құрал; бірнеше тілді бағдарламалық құрал; қос медиалы бағдарламалық құрал; бірнеше көшірме; бумалар. Егер Сіз Бағдарламалық құралдың басқа нұсқаларын немесе Бағдарламалық құралдың басқа тілдегі нұсқаларын пайдалансаңыз, Бағдарламалық құралды бірнеше тасушымен алсаңыз, Бағдарламалық құралдың бірнеше көшірмесін алсаңыз немесе басқа бағдарламалық құралмен бірге жинақталған Бағдарламалық құралды алсаңыз, Бағдарламалық құралдың барлық нұсқаларын орнатуға болатын Компьютерлеріңіздің саны Сіз алған лицензияларда көрсетілген Компьютерлердің санына сәйкес келуі керек және, лицензиялау шарттарында басқаша көзделмесе, әрбір алынған лицензия Сізге Бағдарламалық құралды 2.2 бөлімінде көрсетілген Компьютер(лер)дің санына ғана орнатып, пайдалануыңыз шарт. 2.2. Лицензиялық сертификатта қанша компьютер көрсетілсе, сонша компьютерді қорғау мақсатында Бағдарламалық құралды пайдалануға құқылысыз. 2.3. Бағдарламалық құрал көшірмесін тек резервтік көшірме ретінде жасауға болады және жоғалған, бұзылған немесе пайдалануға жарамсыз болған жағдайда, заңды түрде иеленген көшірмесін ауыстыруға құқылысыз. Бұл сақтық көшірме басқа мақсаттарға пайдаланылмайды және Бағдарламалық құралды пайдалану құқығын жоғалтқан кезде немесе лицензия мерзімі аяқталғанда немесе тұрғылықты еліңіздегі немесе Бағдарламалық құрал пайдаланылатын елдегі қолданылатын заңнамаға сәйкес басқа себеппен тоқтатылғанда бұзылуы қажет. 2.4. Бағдарламалық құрал іске қосылған уақыттан бастап немесе лицензиялық кілт файлы орнатылған уақыттан бастап (Бағдарламалық құралдың сынақ нұсқасы бұл жағдайға жатпайды) Лицензия сертификатында көрсетілген уақыт аралығында Құқық иесінен немесе оның Серіктестерінен мынадай қызметтер алуға құқылысыз: - Құқық иесі өзінің веб-сайты немесе басқа да онлайн қызметтер арқылы бағдарламалық құралдың жаңа нұсқаларын жариялағанда, интернет арқылы жаңа нұсқасын алуға құқылысыз. Сіз алған қандай да бір Жаңарту Бағдарламалық құралдың бір бөлігі болып табылады және оған осы Келісімдегі шарттар мен талаптар қолданылады; - Интернет арқылы немесе техникалық қолдау қызметінің байланыс телефоны арқылы техникалық қолдау алуға құқылысыз; - Құқық иесі туралы ақпарат алуға және қосымша ресурстарына кіруге құқылысыз.   ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫНА СӘЙКЕС, 2024 ЖЫЛҒЫ 10 ҚЫРКҮЙЕК КҮНІ ШЫҒЫС КҮНДІЗГІ УАҚЫТЫ (EDT) БОЙЫНША САҒАТ 12:00-ДЕН БАСТАП АҚШ АУМАҒЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДА ЖАҢАРТУ ФУНКЦИЯЛАРЫ (СОНЫҢ ІШІНДЕ АНТИВИРУС ҚОЛТАҢБАЛАРЫН ЖАҢАРТУ ЖӘНЕ КОД БАЗАЛАРЫН ЖАҢАРТУ), СОНДАЙ-АҚ KSN ФУНКЦИЯЛАРЫ ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙТІН БОЛАДЫ. 3. Белсендіру және шарт 3.1. Егер Компьютеріңіз өзгертілсе немесе басқа орнатылған жеткізуші бағдарламалық құралына өзгерістер жасалса, Құқық иесі Бағдарламалық құралды қайта іске қосуды немесе лицензиялық Кілт файлын орнатуды талап етуі мүмкін. 3.2. Сынақ нұсқасы Сізге Жаңартулар және Техникалық қолдау қызметінің шұғыл байланыс желісі арқылы Техникалық қолдау алуға құқық бермеуі шартымен Сіз осы Келісімге сәйкес Бағдарламалық құралды іске қосқан сәттен бастап бір реттік бағалау кезеңі (30 күн) бойынша 2.1 бөлімінде көрсетілгендей Бағдарламалық құралдың сынақ нұсқасын тегін пайдалануға құқылысыз. Егер Құқық иесі бір рет қолданылатын бағалау кезеңіне тағы уақыт қосатын болса, сізге ол туралы хабарланады. 3.3. Бағдарламалық құралды қолдану лицензиясының уақыты шектеулі, ол лицензия сертификатында көрсетіледі, ал қанша уақыт қалғанын Пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген тәсілдердің көмегімен көруге болады. 3.4. Бағдарламалық құралдың функционалдығы қолданылып жатқан лицензия түріне байланысты болады, оны лицензия сертификатынан көре аласыз. Бағдарламалық құрал функционалдығы Пайдаланушы нұсқаулығындағы сипаттамаға сай келеді. 3.5. Құқық иесі лицензияның жарамдылығын және/немесе Сіздің компьютеріңізде орнатылған және/немесе қолданылған бағдарламалық құрал көшірмесінің заңды екенін растау үшін кез келген шара қолданып, тексеру процедураларын жүргізуге құқылы. Тиісті лицензия болмаса немесе лицензия верификациясы белгілі уақыт ішінде жасалмаса, бағдарламалық құрал функциялары шектеулі болады. 3.6. Бағдарламалық құралды пайдалану барысында және осы Бағдарламалық құралды пайдалану нәтижесінде алынған қандай да бір есепті немесе ақпаратты пайдалану барысында Сіз қолданыстағы барлық халықаралық, ұлттық, мемлекеттік, аймақтық және жергілікті заңдар мен ережелердің талаптарына, сонымен қатар құпиялық, авторлық құқық, экспорттық бақылау және бейәдеп әрекеттерге қатысты жауапкершілік нормаларына және т.б. ережелерге бағынуыңыз керек. 3.7. Осы құжатта басқаша көрсетілмесе, осы Келісім бойынша Сізге берілген құқықтың немесе Сізге артылған міндеттемелердің ешқайсысын басқа біреуге тапсыра немесе тағайындай алмайсыз.   4. Техникалық қолдау 4.1. Осы Келісімнің 2.4 бөлімінде сипатталған Техникалық қолдау Сізге (Бағдарламалық құралдың сынақ нұсқасын ескермегенде) Техникалық қолдау ережелеріне сәйкес беріледі. Техникалық қолдау көрсету қызметін және оның ережелерін мына сайттан таба аласыз: https://support.kaspersky.com. Қолдау көрсетілетін бағдарламалық құрал нұсқалары туралы ақпарат: https://support.kaspersky.com/corporate/lifecycle#b2b.block0.kes11.   5. Деректерді өңдеуге қатысты шарттар 5.1. Осы бапта қосымша анықтамалар беріледі: Деректер субъектісі – Түпкі пайдаланушының өкілі болып табылатын және/немесе Бағдарламалық құралды тікелей немесе жанама пайдаланатын жеке тұлға, соның ішінде Түпкі пайдаланушының жұмысшысы, мердігері, қызметкері немесе Түпкі пайдаланушы қызметтері аясында дерек тасымалданатын және өңделетін (кейбір елдердің заңдарына сәйкес жеке деректер деп анықталатын деректерді қоса алғанда) клиенті. Сондай-ақ өз деректерін Түпкі пайдаланушыға беретін немесе тасымалдайтын жеке тұлға да Деректер субъектісі болуы мүмкін. 5.2. Бағдарламалық құралды іске қосу үшін Іске қосу коды пайдаланылса, Бағдарламалық құралдың қолданылуы заңды екенін растау үшін Түпкі пайдаланушы Құқық иесіне жүйелі түрде мынадай ақпаратты беріп отыруға келіседі: орнатылған Бағдарламалық құралдың түрі, нұсқасы және локализациясы, орнатылған жаңартулардың нұсқалары, Компьютердің идентификаторы және Бағдарламалық құралдың Компьютерге орнатылу идентификаторы, іске қосу коды және ағымдағы лицензияны іске қосудың бірегей идентификаторы, амалдық жүйенің түрі, нұсқасы және разрядтылығы, Бағдарламалық құрал виртуалды ортаға орнатылған болса виртуалды ортаның атауы, ақпарат берілгенде қосулы болған Бағдарламалық құрал компоненттерінің идентификаторлары. Құқық иесі сондай ақпаратты Құқық иесі бағдарламалық құралының таратылуы және қолданылуы туралы статистикалық ақпаратты жинау үшін пайдалануы мүмкін. Іске қосу кодын пайдалану арқылы Түпкі пайдаланушы осы Шартта көрсетілген деректерді автоматты түрде жіберіп отыруға келіседі. Түпкі пайдаланушы Құқық иесіне осы ақпаратты беруге келіспесе, Бағдарламалық құралды іске қосу үшін Кілт файлын пайдалану керек. 5.3. Құқық иесі Түпкі пайдаланушыдан алынған барлық деректерді Лицензиялық келісімге, атап айтқанда, «Деректерді өңдеуге қатысты шарттар» 5-бөлімінің ережелеріне сәйкес, сондай-ақ Түпкі пайдаланушы мен Құқық иесінің немесе оның серіктестерінің арасындағы жеке жазбаша келісімде басқаша көрсетілмесе, Түпкі пайдаланушы пайдалана алатын Бағдарламалық жасақтаманың функциялық мүмкіндіктеріне сәйкес өңдеуді міндетіне алады. 5.4. Түпкі пайдаланушы өзіне Пайдаланушы нұсқаулығымен, әсіресе деректердің өңделуін сипаттайтын (https://www.kaspersky.com/Products-and-Services-Privacy-Policy) деректерді өңдеуге, Құқық иесінің Құпиялық саясатына қатысты нұсқаулықтармен танысуға және олардың Түпкі пайдаланушы талаптарына сәйкес не сәйкес еместігін дербес анықтауға жеке өзі жауапты болады. 5.5. Түпкі пайдаланушы Бағдарламалық құралды пайдалануға қатысты заңдарды, соның ішінде құпия ақпаратқа, жеке деректерге, деректерді қорғауға қатысты заңдарды орындауы тиіс. Түпкі пайдаланушы Бағдарламалық құралдың деректерді Құқық иесінің қатысуынсыз өңдейтін компоненттерін пайдаланғанда деректерге қатысты құпиялық және қауіпсіздік шараларын қолдану және ұстану үшін жауапты болады. Түпкі пайдаланушы Бағдарламалық құралдың сондай компоненттерін түпкі пайдаланушының мақсаттарына (мысалы, есептерді жасау) сәйкес пайдаланғанда, деректерді қорғау мен құпиялығын қамтамасыз ету үшін тиісті техникалық және ұйымдастыру шараларын анықтауы тиіс. 5.6. Үшінші тараптардың, атап айтқанда, Түпкі пайдаланушы Бағдарламалық құралды пайдаланғанда, жеке деректер өңделетін жеке тұлғалардың жеке деректеріне қатысты анық анықталған тиісті міндеттерге сәйкес, Құқық иесі мен Түпкі пайдаланушы төмендегілермен келіседі: Түпкі пайдаланушы Дерек субъектісіне өз құқықтарын орындауға мүмкіндік беру және Дерек субъектісіне қолданыстағы заңға, мысалы, 2016/679 ережесінің (ЕО) 13- және 14-бабына (Жалпы деректерді қорғау ережесі, «ЖДҚЕ») (Дерек субъектісі Еуропалық Одақта болса) немесе құпия ақпарат, жеке деректер, деректерді қорғау немесе соған ұқсас басқа қолданыстағы заңдарға сәйкес талап етілетін ақпаратты қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолданады. 5.7. Бағдарламалық құралды пайдаланғанда, әсіресе Түпкі пайдаланушы Бағдарламалық құралды Kaspersky Security Network желісін қолданатындай етіп реттегенде, Түпкі пайдаланушы Деректер субъектісінің жеке деректерінің өңделуі заңды болуын, атап айтқанда 2016/679 Ережесі (ЕО) (Жалпы деректерді қорғау ережесі «ЖДҚЕ») 6-бабының (1) (a) - (f) тармақтарының мағынасы аясында (Деректер субъектісі Еуропалық Одақта болса) немесе құпия ақпарат, жеке деректер, деректерді қорғау не соған ұқсас заңдар аясында болуын қамтамасыз ету үшін толық жауапты болады. 5.8. Деректердің өңделуіне арналған құқықтық негіздерге сәйкес, егер Түпкі пайдаланушы Деректер субъектілерінің келісімі бойынша өңделу заңдылығын негіздегісі келсе, Түпкі пайдаланушы қолданылатын заңдардың талаптарына (әсіресе Деректер субъектісі ЖДҚЕ 6-бабы (1) (а) тармағы қолданылатын Еуропалық Одақта болса) сәйкес келетін келісім Бағдарламалық құралды пайдаланбай тұрып, Түпкі пайдаланушының әр Деректер субъектісінен алынуын қамтамасыз етуі керек. Түпкі пайдаланушы әр Деректер субъектісінің келісімі жеке деректерді өңдемей тұрып алынғанына кепілдік береді. 5.9. Осы Лицензиялық келісімнің 5.8 тармағы бойынша Түпкі пайдаланушы жеке деректерді өңдеуге жарамды келісімнің (әсіресе Деректер субъектісі Еуропалық Одақта болса, ЖДҚЕ 7 (1) бабына сәйкес) бар екенін растау үшін жауапты болатынына Құқық иесі мен Түпкі пайдаланушы өзара келісті. Түпкі пайдаланушы кез келген уақытта Құқық иесінің сұрауы бойынша, Құқық иесі сұрау жасағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде әр Деректер субъектісінің келісімі бар екенін растай алатынына кепілдік береді. 5.10. Бұған қоса Лицензиялық келісімнің 5.8 тармағы бойынша Түпкі пайдаланушы Бағдарламалық құралды пайдаланбай тұрып, әр жеке Деректер субъектіне келісімді алу үшін тиісті заң бойынша, әсіресе ЖДҚЕ 13-бабында (Деректер субъектісі Еуропалық Одақта болса) талап етілетін барлық ақпаратты қамтамасыз етуге міндетті және сол үшін жеке өзі толық жауапты болады. Атап айтқанда, Түпкі пайдаланушы Бағдарламалық құралды пайдаланбай тұрып, Еуропалық Одақтағы немесе тиісті заң талап еткен жердегі Деректер субъектісіне Құқық иесінің Құпиялық саясатын (https://www.kaspersky.com/Products-and-Services-Privacy-Policy) ұсынуға міндетті. 5.11. Түпкі пайдаланушы Құқық иесі алдында осы Лицензиялық келісімнің бұзылуы нәтижесіндегі кез келген зақымдар, атап айтқанда Түпкі пайдаланушының Деректер субъектісінің жарамды келісімін ала алмауы және/немесе жеткілікті дәрежеде жарамды болатын келісімді ала алмауы және/немесе Деректер субъектісінің келісімін дәлелдей алмауы және/немесе кешіктіріп дәлелдеуі және/немесе осы келісім бойынша міндеттеменің кез келген бұзылуы себебінен туындаған залалдар үшін жауапты болады.    5.12. Түпкі пайдаланушы Құқық иесін үшінші тараптар, әсіресе бақылау деректерін қорғау органдары, Құқық иесіне қарсы жасауы мүмкін үшінші тараптың Түпкі пайдаланушының «Деректерді өңдеуге қатысты шарттар» 5-бөлімдегі міндеттемелерін орындамауынан туындайтын шағымдарынан қорғауы тиіс. 5.13. Бағдарламалық құралдың жаңа нұсқасын жүктеп алу үшін Құқық иесінің жаңа нұсқаларға арналған серверін пайдаланатын болсаңыз, жаңарту процедурасының тиімділігін арттыру үшін соңғы пайдаланушы Құқық иесіне мынадай ақпаратты ұсынып отыруға келісім береді: орнатылған бағдарламалық құралдың түрі мен нұсқасы, жаңарту сеансының идентификаторы, қазіргі лицензияның бірегей идентификаторы және компьютердегі бағдарламалық құралдың бірегей идентификаторы. Құқық иесі сондай ақпаратты Құқық иесі бағдарламалық құралының таратылуы және қолданылуы туралы статистикалық ақпаратты алу үшін пайдалануы мүмкін. Бағдарламалық құралдардың жаңа нұсқаларын Құқық иесінің жаңа нұсқаларға арналған серверінен жүктеп алу арқылы Соңғы пайдаланушы осы бапта көрсетілген деректерді автоматты түрде жіберіп отыруға келісім береді. Соңғы пайдаланушы бұл ақпаратты Құқық иесіне ұсынуға келіспесе, Соңғы пайдаланушы бағдарламалық құралдың жаңа нұсқасын Пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген жергілікті ортақ қалтадан алуы керек. 6. Шектеулер 6.1. Бағдарламалық құралды үлгілеуге, клондауға, жалға беруге, беруге, сатуға, өзгертуге, қайта құрастыруға немесе қайта жобалауға болмайды немесе қолданбалы заңнама бойынша Сізге берілген бұлтартпас құқық ерекшелігімен Бағдарламалық құрал немесе кез келген бөлігі негізінде туынды жұмыстар жасауға немесе бөлшектеуге болмайды және Бағдарламалық құралдың кез келген бөлігін адам оқи алатын пішінге қысқартуға немесе лицензиялы Бағдарламалық құралды немесе лицензиялы Бағдарламалық құралдың қосымша жиынын тасымалдауға болмайды немесе үшінші тараптың орындауына рұқсат етілмейді, ағымдағы шектеу тиісті заңмен тыйым салынады. Меншік болып есептелетін бағдарлама алгоритмін қайта жасау үшін Бағдарламалық құралдың екілік кодын немесе бастапқы кодын пайдалануға немесе оның кері инжинирингін жасауға болмайды. Осы жерде анық берілмеген барлық құқықтар Құқық иесімен және/немесе жабдықтаушыларымен сақталады. Бағдарламалық құралды рұқсатсыз пайдалану осы Келісімнің және Лицензияның бірден және автоматты түрде тоқтауына, Сізге қатысты қылмыс істің және/немесе азаматтық тергеудің жүргізілуіне себеп болуы мүмкін. 6.2. Бағдарламалық құралды қолдану құқығын қандай да бір үшінші тарапқа тапсырмауыңыз керек. 6.3. Іске қосу кодын және/немесе Кілт файлын үшінші тараптарға беруге немесе үшінші тараптардың Іске қосу кодын және/немесе Кілт файлын ашуға рұқсат етуге болмайды, ол Құқық иесінің құпия дерегі болып есептеледі. 6.4. Бағдарламалық құралды үшінші тарапқа жалға беруге немесе қарызға беруге болмайды. 6.5. Пайдаланушы нұсқаулығында сипатталған зақымдарды анықтауға, құлыптауға немесе түзетуге пайдаланылатын деректерді немесе Бағдарламалық құралды жасауда Бағдарламалық құрал пайдаланылмауы керек. 6.6. Осы Келісімнің қандай да бір шарттары мен талаптарын бұзсаңыз, кілт файлының бұғатталуы мүмкін. 6.7. Егер Бағдарламалық құралдың сынақ нұсқасы пайдаланылса, осы Келісімнің 4-бөлімінде көрсетілген Техникалық қолдауды алу құқығыңыз болмайды және Бағдарламалық құралды пайдалану лицензиясын немесе құқықтарын үшінші тарапқа тапсыру құқығыңыз болмайды. 6.8. Бағдарламалық құралдың зияткерлік құқықтарын бұзу заңға сәйкес азаматтық, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуға алып келеді.   7. Шектеулі кепілдік және бас тарту 7.1. Құқық иесі Бағдарламалық құралдың пайдаланушы нұсқаулығындағы сипаттамаларға сай жұмыс істейтініне кепілдік береді, алайда шектеулі кепілдік мына жағдайларға қолданылмайды: (w) Компьютеріңіздегі ақауларға және соған байланысты кез келген ақауға Құқық иесі кепілдік бойынша жауапкершіліктен үзілді-кесілді бас тартады; (x) дұрыс пайдаланбау, немқұрайлы қарау, оқыс оқиға, дұрыс орнатпау, дұрыс жұмыс істемеу немесе техникалық қызмет көрсетпеу, ұрлық, вандализм, табиғи апаттар, терроризм, электр қуатының сөнуі немесе кернеудің артуы, апаттық жағдайлар, Құқық иесінен басқа тараптың, басқа бір үшінші тараптың немесе сіздің тарапыңыздан рұқсатсыз өзгеріс енгізу немесе жөндеу жұмыстарының немесе Құқық иесінің бақылауынсыз жасалған әрекеттердің салдарынан пайда болған ақаулар мен кемшіліктер; (y) ақау алғаш пайда болғанда Құқық иесіне хабарлар етілмеген кез келген ақау және (z) Сіздің компьютеріңізде орнатылған жабдықтың және/немесе бағдарламалық құралдың компоненттеріне байланысты туындаған үйлеспеушілік. 7.2. Бағдарламалық құрал ешбірі қатесіз болмайтынын растап, қабылдап келісесіз және өзіңізге ыңғайлы уақытта Компьютердегі деректердің резервтік көшірмесін жасап тұрғаныңыз жөн. 7.3. Құқық иесі Пайдаланушы нұсқаулығында немесе осы Келісімде сипатталған шарттарды бұзған жағдайда Бағдарламалық құралдың дұрыс жұмыс істейтініне кепілдік бермейді. 7.4. Құқық иесі осы Келісімнің 2.4 бөлімінде көрсетілген Жаңартуларды уақытылы жүктеп алмаған жағдайда Бағдарламалық құралдың дұрыс жұмыс істейтініне кепілдік бермейді. 7.5. Лицензиялық сертификатта көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін немесе қандай да бір себептермен Бағдарламалық құралды пайдалану лицензиясы тоқтатылғаннан кейін Құқық иесі Пайдаланушы нұсқаулығында сипатталған зиянкестерден қорғаныстың қамтамасыз етілетініне кепілдік бермейді. 7.6. Бағдарламалық құрал әдепкі күйде қолданылатын Құқық иесі стандартты параметрлерімен келетінін растайсыз және Бағдарламалық құралды жеке талаптарыңызға сәйкестендіру үшін реттеуге өзіңіз жауапты боласыз. 7.7. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ «СОЛ ҚАЛПЫНДА» ШАРТТАРЫМЕН БЕРІЛЕДІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИЕСІ ОНЫҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫНА НЕМЕСЕ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢҒА СӘЙКЕС ЖОҚҚА ШЫҒАРУҒА НЕМЕСЕ ШЕКТЕУГЕ БОЛМАЙТЫН КЕПІЛДІКТЕРДЕН, ШАРТТАРДАН НЕМЕСЕ МӘЛІМДЕМЕЛЕРДЕН БАСҚА КЕПІЛДІКТЕР, ШАРТТАР НЕМЕСЕ МӘЛІМДЕМЕЛЕР ҰСЫНБАЙДЫ. ҚҰҚЫҚ ИЕСІ МЕН ОНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ КЕЗ КЕЛГЕН МӘСЕЛЕ БОЙЫНША, СОНЫҢ ІШІНДЕ ҮШІНШІ ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗБАУ, ТАУАРЛЫҚ КҮЙ, ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ САПА, БІРІКТІРУ НЕМЕСЕ НАҚТЫ БІР МАҚСАТҚА ЖАРАМДЫЛЫҚ БОЙЫНША ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК, ШАРТ НЕМЕСЕ МӘЛІМДЕМЕ (ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРДЕ, ЖАЛПЫ ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫНДА, ӘДЕТ, ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ НЕМЕСЕ БАСҚАША ЖОЛМЕН КӨЗДЕЛГЕН ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА) ҰСЫНБАЙДЫ. БАРЛЫҚ АҚАУЛЫҚТАРҒА ЖӘНЕ ТОЛЫҚ ӨНІМДІЛІК ҚАУПІНЕ ЖӘНЕ АРНАЙЫ НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ ҮШІН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ТАҢДАУ ЖАУАПКЕРШІЛІГІНЕ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДАН АЛЫНҒАН НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖӘНЕ ОРНАТУҒА КЕЛІСЕСІЗ. ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРМЕН ШЕКТЕЛІП ҚАЛМАЙ ҚҰҚЫҚ ИЕСІ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫҢ ҚАТЕСІЗ, КЕДЕРГІЛЕРСІЗ НЕМЕСЕ БАСҚА АҚАУЛЫҚТАРСЫЗ ЕКЕНДІГІНЕ НЕМЕСЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ ҚҰҚЫҚ ИЕСІНЕ ЖАРИЯЛАНБАҒАН КЕЗ КЕЛГЕН НЕМЕСЕ БАРЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕС БОЛАТЫНЫНА КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ.   8. Microsoft Windows брандмауэрімен өзара әрекеттестік 8.1. Бағдарламалық құралды орнату кезінде қосылып тұрған Windows брандмауэрін өшіріп қоюға болатынын мойындайсыз. Windows брандмауэрінің параметрлері мен ережелері орнатылған Бағдарламалық құралға экспортталмайды.   9. Міндеттемеден босату және шектеу 9.1. ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢДА РҰҚСАТ ЕТІЛЕТІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА, ҚҰҚЫҚ ИЕСІ НЕМЕСЕ СЕРІКТЕСТЕР БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНА АЛМАУ, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ АРҚЫЛЫ ҚОЛДАУ НЕМЕСЕ БАСҚА ҚЫЗМЕТТЕРДІ, АҚПАРАТТЫ, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ЖӘНЕ ҚАТЫСТЫ МАЗМҰНДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ НЕМЕСЕ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТПЕУ НЕМЕСЕ ОСЫ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМ ЖАҒДАЙЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ НЕМЕСЕ КЕЛІСІМШАРТТЫ НЕМЕСЕ МӘМІЛЕНІ БҰЗУ (ОНЫҢ ІШІНДЕ, ҰҚЫПСЫЗДЫҚ, ДҰРЫС КӨРСЕТПЕУ, ҚАТАҢ ТҮРДЕГІ ЖАУАПКЕРШІЛІК НЕМЕСЕ МІНДЕТТЕМЕ) НЕМЕСЕ МІНДЕТТЕМЕНІ БҰЗУ НЕМЕСЕ ҚҰҚЫҚ ИЕСІНІҢ НЕМЕСЕ СЕРІКТЕСТЕРІНІҢ КЕПІЛДІГІН БҰЗУ САЛДАРЫНАН ОРЫН АЛҒАН АРНАЙЫ, КЕЗДЕЙСОҚ, АЙЫПТЫҚ, ЖАНАМА НЕМЕСЕ САЛДАРЛЫҚ ЗАЛАЛАРДАРҒА (ОНЫҢ ІШІНДЕ, ТАБЫСТАН, ҚҰПИЯ НЕМЕСЕ БАСҚА АҚПАРАТТАН АЙЫРЫЛУ, БИЗНЕСТЕГІ ІРКІЛІС, ҚҰПИЯЛЫҚТЫ ЖОҒАЛТУ, БҰЗЫЛЫС, ЗАҚЫМ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕР НЕМЕСЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖОҒАЛТУ, МІНДЕТТЕМЕНІ ҰСТАНБАУ, АДАЛ НИЕТ НЕМЕСЕ ТИІСТІ ҚАМҚОРЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІ, ҰҚЫПСЫЗДЫҚ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШЫҒЫН ЖӘНЕ АҚШАЛАЙ НЕМЕСЕ БАСҚА ШЫҒЫНДАР) ЕШБІР ЖАҒДАЙДА ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ. 9.2. ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢҒА СӘЙКЕС ОСЫ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМДЕГІ БАС ТАРТУ, ЖОҚҚА ШЫҒАРУ НЕМЕСЕ ШЕКТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІН ЖОҚҚА ШЫҒАРУ НЕМЕСЕ ШЕКТЕУ МҮМКІН БОЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА, СІЗГЕ ТЕК СОЛ БАС ТАРТУ, ЖОҚҚА ШЫҒАРУ НЕМЕСЕ ШЕКТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ ЖӘНЕ СІЗ БАРЛЫҚ ҚАЛҒАН БАС ТАРТУ, ЖОҚҚА ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ШЕКТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ ТАЛАПТАРЫНА БАҒЫНЫШТЫ БОЛЫП ҚАЛА БЕРЕСІЗ.  10. GNU және басқа да үшінші тарап лицензиялары 10.1. Бағдарламалық құралға GNU жалпы әлеуметтік лицензия (GPL) немесе басқа құқықтармен қоса пайдаланушының белгілі бір бағдарламаларды немесе бөліктерді көшіруге, өзгертуге және қайта таратуға және «Ашық бағдарламалық құрал» бастапқы кодына кіруге рұқсат беретін басқа ұқсас тегін бағдарламалық құрал лицензиялары бойынша лицензия (немесе қосымша лицензия) берілген кейбір бағдарламалық құралдар кіруі мүмкін. Егер мұндай лицензияларға екілік пішімде таратылатын бағдарламалық құрал талап етілсе, бастапқы көз коды осы пайдаланушыларға қолжетімді болса, бастапқы кодты source@kaspersky.com мекенжайына сұрау жіберу арқылы алдыруға болады немесе бастапқы код Бағдарламалық құралмен бірге беріледі. Егер Ашық бағдарламалық құрал лицензиялары Құқық иесіне осы Келісімде берілгеннен көп құқық беретін Ашық бағдарламалық құралды пайдалану, көшіру немесе өзгерту құқықтарын беруді талап етсе, ондай құқықтар осы құжаттағы құқықтар мен шектеулерге қарағанда басымдыққа ие болады.   11. Зияткерлік меншік иелігі 11.1. Бағдарламалық құрал және авторлық, жүйелер, идеялар, жұмыс әдістері, құжаттама және Бағдарламалық құралда қамтылған басқа ақпарат – интеллектуалды меншік және/немесе Құқық иесі немесе Серіктестерінің маңызды сауда құпиялары және Құқық иесі мен серіктестері азаматтық және қылмыс заңымен және Ресей Федерациясы, Еуропалық Одақ және Америка Құрама Штаттары, басқа елдер мен халықаралық ұйымдардың авторлық құқық, сауда құпиясы, сауда белгісі және патенттер заңымен қорғалады. Бұл Келісім Сізге интеллектуалды меншік құқықтарын бермейді, оның ішінде Құқық иесі және/немесе Серіктестерінің сауда белгілері немесе қызмет белгілері ("Сауда белгілері"). Сауда белгісі тәжірибесіне, оның ішінде Сауда белгісі иесінің аты идентификациясына сәйкес шығарылған, басылған шығысты анықтау үшін Сауда белгілерін ғана пайдалана аласыз. Кез келген Сауда белгісін осылай пайдалану сізге Сауда белгісіне ие болу құқығын бермейді. Құқық иесі және/немесе серіктестері Бағдарламалық құралдың барлық құқығын, атын және үлесін иелік етіп сақтайды, оның ішінде Құқық иесімен немесе үшінші тараппен жасалған қате түзетулері, кеңейтімдер, Бағдарламалық құралдың Жаңартулары немесе басқа өзгерістері және барлық авторлық құқықтар, патенттер, сауданың құпия құқықтары, сауда белгілері және басқа интеллектуалды меншік құқықтары. Бағдарламалық құралды сақтау, орнату немесе пайдалану Бағдарламалық құралдағы интеллектуалды меншікке атты тасымалдамайды және осы Келісімде орнатылғанды ескермегенде Бағдарламалық құрал құқықтарын алмайсыз. Осында жасалған Бағдарламалық құралдың барлық көшірмелерінде Бағдарламалық құралда пайда болатын меншіктік ескертпелер болуы қажет. Осы жердегі мәлімденгенді ескермегенде осы Келісім Бағдарламалық құралдағы интеллектуалды меншік құқықтарын бермейді және осы Келісім бойынша берілген Лицензия осы Келісімнің шарттары мен талаптары бойынша шектеулі пайдалану құқығын ғана беретінін растайсыз. Құқық иесі осы Келісімде берілген сізге берілмеген құқыққа ие. 11.2. Бағдарламалық құралды ешбір жолмен өзгертпеуге немесе ауыстырмауға келісесіз. Бағдарламалық құрал көшірмелерінде авторлық құқық ескертпелерін немесе басқа меншіктік ескертпелерді жоя немесе өзгерте алмайсыз.   12. Негізгі заңнама; Мәселелерді шешу тәртібі 12.1. Бұл келісім Ресей Федерациясының заң ережелері мен қағидаларына қайшы келмейтіндей заң негізінде қарастырылып, жасалады. Бұл Келісім Халықаралық тауар сату келісімшарттарының БҰҰ конвенциясымен басқарылмауы керек, қолданысына тыйым салынады. Тікелей келіссөздер арқылы шешілмесе, осы Келісімнің шарттарын түсіндіру немесе қолдануға қатысты туындаған қандай да бір дау-дамай немесе оның шарттарының бұзылуы Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласындағы Өнеркәсіп және сауда жөніндегі Ресей Федерациясының палатасындағы Халықаралық коммерциялық арбитраждық сотта шешілуі керек. Шешім шығарушының кез келген шешімі кесімді шешім болып табылады және тараптардың барлығына міндетті болып табылады және мұндай арбитраждық шешім бойынша шығарылған сот шешімі кез келген юрисдикция сотында қолданылады. 12-бөлімдегі ешбір ереже тараптардың юрисдикция сотынан арбитраждық процедуралардан бұрын, арбитраждық процедуралар кезінде немесе одан кейін әділ көмек сұрауына кедергі бола алмайды.   13. Талап ету мерзімі 13.1. Осы Келісім бойынша транзакциялардан туатын әрекетсіздік пішінге қарамастан әрекет орын алғаннан кейін немесе ашылғаннан кейін бір (1) жылдан аса уақыттан кейін болуы мүмкін, зияткерлік меншік құқықтарын бұзу әрекеті максималды рұқсат етілетін міндетті кезең ауқымында болуы мүмкін.   14. Толық келісі; Бөлінуі; Бас тартусыз 14.1. Бұл Келісім сіз бен Құқық иесі арасындағы толық келісім болып табылады және Бағдарламалық құралға немесе осы Келісім мәселесіне қатысты басқа бұрынғы жазбаша немесе ауызша келісімдер, ұсыныстар, байланыстар немесе жарнама алдында басымдыққа ие. Осы Келісімді оқығаныңызды, түсінгеніңізді растап, шарттарын ұстануға келісесіз. Егер осы Келісімнің кез келген жағдайы құзыретті сотпен жарамсыз, заңсыз немесе белгілі бір себеппен толығымен немесе жартылай күшінде емес болса, осындай жағдай заңды және күшіне ендіру үшін қайта құрастырылады және толық Келісім есепке алынбайды және Келісім балансы толық күшінде болып, бастапқы мерзіміне дейін сақтау кезінде заңмен немесе капиталмен рұқсат етілетін мерзімге дейін жарамды болады. Сіз бен Құқық иесінің өкілетті өкілімен жазбаша жазылып, қол қойылмайынша ешбір жағдайдан немесе талаптан бас тартуға болмайды және осы Келісімнің белгілі бір жағдайын бұзу мерзімінен бұрынғы, жүйелі немесе бір уақыттағы бұзылыс болып есептеледі. Құқық иесінің осы Келісім жағдайын немесе құқығын ұстанбауы немесе қатаң түрде орындамауы осындай жағдайдан немесе құқықтан бас тарту болып есептелмейді.   15. Құқық иесінің байланыс ақпараты Осы Келісімге қатысты сұрақтарыңыз болса немесе Құқық иесімен белгілі бір себеппен хабарласқыңыз келсе, біздің Тұтынушыға қызмет көрсету бөліміне хабарласыңыз:   AO Kaspersky Lab, 39A/3, Leningradskoe Shosse Moscow, 125212 Russian Federation Эл.пошта: info@kaspersky.com Веб-сайт: https://www.kaspersky.com © 2022 АО «Лаборатория Касперского». AES ШИФРЛАУ МОДУЛІ ЖӘНЕ ТҮПКІ ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМІ («ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМ») БАРЛЫҚ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА БЕРІЛЕТІН МАҢЫЗДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЕСКЕРТУ: БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕЛІСІМДІ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОСЫ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫНА КЕЛІСЕСІЗ. ЕГЕР ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ КЕЙБІР ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫНА КЕЛІСПЕСЕҢІЗ, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛМЕН БІРГЕ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМШАРТ НЕМЕСЕ СОҒАН ҰҚСАС ҚАНДАЙ ДА БІР ҚҰЖАТ БОЛСА, ОНДАЙ ҚҰЖАТТАҒЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ АҒЫМДАҒЫ ТҮПКІ ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМІНЕН БАСЫМ БОЛАДЫ. 1. Анықтамалар 1.1. Бағдарламалық құрал AES шифрлау модулінің бағдарламалық құралын және оған қатысты материалдарды білдіреді. 1.2. Құқық иесі (ерекше немесе басқа бағдарламалық құралдың барлық құқығының иесі) Англия заңдарына сәйкес тіркелген Kaspersky UK Ltd. болып табылады. 1.3. Компьютер(лер) Бағдарламалық құрал орнатылатын және/немесе пайдаланылатын, Бағдарламалық құрал арнап жасалған жабдықт(ард)ың жиынтығын, соның ішінде дербес компьютерлерді, ноутбуктарды, жұмыс станцияларын, жеке сандық көмекші құралдарды, смартфондарды, қол құрылғыларын немесе басқа да электрондық құрылғыларды және операциялық жүйелерді (соның ішінде жүйелік виртуалды машиналарды) білдіреді. 1.4. Түпкі пайдаланушы (Сіз/Сіздің) өз тараптарынан Бағдарламалық құралды орнататын немесе пайдаланатын не болмаса Бағдарламалық құралдың көшірмесін заңды түрде пайдаланатын тұлғаны (тұлғаларды) білдіреді; не болмаса Бағдарламалық құралды жұмыс беруші сияқты ұйым атынан жүктеп алынып немесе орнатылып жатса, «Сіз» деген сөз Бағдарламалық құрал жүктелген немесе орнатылған ұйымды білдіреді және осы құжат арқылы ұйым өз атынан осы келісімді қабылдаған адамға өкілеттік беретінін білдіреді. Осы келісім мақсаттарында «ұйым» термині серіктестікті, жауапкершілігі шектеулі компанияны, корпорацияны, қауымдастықты, акционерлік қоғамды, қорды, бірлескен кәсіпорынды, еңбек ұйымын, акционерлік емес ұйымды немесе мемлекеттік органды және т.б. білдіреді. 1.5. Пайдаланушы нұсқаулығы пайдаланушы нұсқаулығын, әкімші нұсқаулығын, анықтамалық кітапты және байланысты түсіндіру немесе басқа материалдарды білдіреді. 2. Лицензия беру 2.1. Егер Kaspersky Endpoint Security бағдарламасы компьютерде орнатылған болса, Пайдаланушы нұсқаулығында немесе Құқық иесінің техникалық қолдау көрсету веб-сайтында сипатталған функция ауқымында Бағдарламалық құралды пайдалану бойынша айрықша емес лицензия беріледі және осы Пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген барлық техникалық талаптарды, сондай-ақ Лицензиялық келісімде көрсетілген шектеулерді және пайдалану шарттарын сақтауыңыз керек. 2.2. Бағдарламалық құрал көшірмесін тек сақтық көшірме ретінде жасауға болады және жоғалған, бұзылған немесе пайдалануға жарамсыз болған жағдайда, заңды түрде иеленген көшірмесін ауыстыруға құқылысыз. Бұл сақтық көшірме басқа мақсаттарға пайдаланылмайды және Бағдарламалық құралды пайдалану құқығын жоғалтқан кезде немесе лицензия мерзімі аяқталғанда немесе тұрғылықты еліңіздегі немесе Бағдарламалық құрал пайдаланылатын елдегі қолданылатын заңнамаға сәйкес басқа себеппен тоқтатылғанда жойылуы қажет. ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫНА СӘЙКЕС, 2024 ЖЫЛҒЫ 10 ҚЫРКҮЙЕК КҮНІ ШЫҒЫС КҮНДІЗГІ УАҚЫТЫ (EDT) БОЙЫНША САҒАТ 12:00-ДЕН БАСТАП АҚШ АУМАҒЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДА ЖАҢАРТУ ФУНКЦИЯЛАРЫ (СОНЫҢ ІШІНДЕ АНТИВИРУС ҚОЛТАҢБАЛАРЫН ЖАҢАРТУ ЖӘНЕ КОД БАЗАЛАРЫН ЖАҢАРТУ), СОНДАЙ-АҚ KSN ФУНКЦИЯЛАРЫ ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙТІН БОЛАДЫ. 3. Жарамдылық мерзімі және тоқтату 3.1. Бағдарламалық құралды осы Келісімді қабылдағаннан кейін мәңгі пайдалануға болады. 3.2. Осы Лицензиялық келісімнің кез келген шарттары мен талаптарын Сіз бұзған жағдайда, Құқық иесі ие болуы мүмкін кез келген басқа заң немесе құқық қорғау құралдарына нұқсан келтірместен, Құқық иесі кез келген уақытта Сізге ескертусіз, сатып алу бағасын немесе оның кез келген бөлігін қайтармай, Бағдарламалық құралды пайдалануға арналған осы Лицензияны тоқтатуға құқылы. 3.3. Бағдарламалық құралды пайдалану барысында және осы Бағдарламалық құралды пайдалану нәтижесінде алынған қандай да бір есепті немесе ақпаратты пайдалану барысында Сіз қолданыстағы барлық халықаралық, ұлттық, мемлекеттік, аймақтық және жергілікті заңдар мен ережелердің талаптарына, сонымен қатар құпиялық, авторлық құқық, экспорттық бақылау және бейәдеп әрекеттерге қатысты жауапкершілік нормаларына және т.б. ережелерге бағынуыңыз керек. 3.4. Осы құжатта басқаша көрсетілмесе, осы Келісім бойынша Сізге берілген құқықтың немесе Сізге артылған міндеттемелердің ешқайсысын басқа біреуге тапсыра немесе тағайындай алмайсыз. 4. Техникалық қолдау 4.1. Техникалық қолдау ережелеріне сәйкес техникалық қолдау Kaspersky Endpoint Security коммерциялық нұсқаларын пайдаланушыларға көрсетіледі. Техникалық қолдау ережелері мына жерде орналасқан: https://support.kaspersky.com/. 5. Шектеулер 5.1. Бағдарламалық құралды көшіруге, клондауға, жалға беруге, қарызға беруге, сатуға, өзгертуге, қайта құрастыруға немесе қайта жобалауға болмайды немесе қолданбалы заңнама бойынша Сізге берілген бұлтармас құқық ерекшелігімен Бағдарламалық құрал немесе кез келген бөлігі негізінде туынды жұмыстар жасауға немесе бөлшектеуге болмайды және Бағдарламалық құралдың ешқандай бөлігін адам оқи алатын пішінге қысқартуға немесе лицензиялы Бағдарламалық құралды немесе лицензиялы Бағдарламалық құралдың қосымша жиынын тасымалдауға болмайды немесе үшінші тараптың орындауына рұқсат етілмейді, ағымдағы шектеу тиісті заңмен тыйым салынады. Меншік болып есептелетін бағдарлама алгоритмін қайта жасау үшін Бағдарламалық құралдың екілік кодын немесе бастапқы кодын пайдалануға немесе оның кері инжинирингін жасауға болмайды. Осы жерде анық берілмеген барлық құқықтар Құқық иесімен және/немесе жабдықтаушыларымен сақталады. Бағдарламалық құралды рұқсатсыз пайдалану осы Лицензиялық келісімнің және лицензияның бірден және автоматты түрде тоқтауына, Сізге қатысты қылмыс істің және/немесе азаматтық тергеудің жүргізілуіне себеп болуы мүмкін. 5.2. Бағдарламалық құралды қолдану құқығын қандай да бір үшінші тарапқа тапсырмауыңыз керек. 5.3. Бағдарламалық құралды үшінші тарапқа жалға беруге немесе қарызға беруге болмайды. 5.4. Бағдарламалық құралдың зияткерлік құқықтарын бұзу заңға сәйкес азаматтық, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуға алып келеді. 6. Шектеулі кепілдік және бас тарту 6.1. Бағдарламалық құрал ешбірі қатесіз болмайтынын мойындап, қабылдайсыз және келісесіз және өзіңізге ыңғайлы уақытта Компьютердегі деректердің сақтық көшірмесін жасап тұрғаныңыз жөн. 6.2. Бағдарламалық құрал әдепкі бойынша қолданылатын Kaspersky стандартты параметрлерімен келетінін растайсыз және Бағдарламалық құралды жеке талаптарыңызға сәйкестендіру үшін конфигурациялауға өзіңіз жауапты боласыз. 6.3. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ «СОЛ ҚАЛПЫНДА» БЕРІЛЕДІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИЕСІ ОНЫҢ ПАЙДАЛАНУЫНА НЕМЕСЕ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАМАЙДЫ ЖӘНЕ КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ. ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢ БОЙЫНША ЖОҚҚА ШЫҒАРУҒА НЕМЕСЕ ШЕКТЕУГЕ БОЛМАЙТЫН КЕПІЛДІКТІ, ШАРТТЫ, МӘЛІМДЕМЕНІ НЕМЕСЕ ТАЛАПТЫ ҚОСПАҒАНДА, ҚҰҚЫҚ ИЕСІ ЖӘНЕ СЕРІКТЕСТЕРІ ҮШІНШІ ТАРАПТАР ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗБАУ, КОММЕРЦИЯЛЫҚ САПА, ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ САПА, БІРІГУ НЕМЕСЕ БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА ҚОЛДАНУ ЖАРАМДЫЛЫҒЫМЕН ШЕКТЕЛМЕЙ, КЕЗ КЕЛГЕН МӘСЕЛЕГЕ КЕПІЛДІК, ШАРТ, МӘЛІМДЕМЕ НЕМЕСЕ ТАЛАП (ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА, ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІ, ЖАЛПЫ ҚҰҚЫҚ, ӘДЕТ, ПАЙДАЛАНУ НЕМЕСЕ ӨЗГЕ БОЙЫНША) БЕРМЕЙДІ. БАРЛЫҚ АҚАУЛЫҚТАРҒА ЖӘНЕ ТОЛЫҚ ӨНІМДІЛІК ҚАУПІНЕ ЖӘНЕ АРНАЙЫ НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ ҮШІН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ТАҢДАУ ЖАУАПКЕРШІЛІГІНЕ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДАН АЛЫНҒАН НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖӘНЕ ОРНАТУҒА КЕЛІСЕСІЗ. ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРМЕН ШЕКТЕЛІП ҚАЛМАЙ ҚҰҚЫҚ ИЕСІ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫҢ ҚАТЕСІЗ, КЕДЕРГІЛЕРСІЗ НЕМЕСЕ БАСҚА АҚАУЛЫҚТАРСЫЗ ЕКЕНДІГІНЕ НЕМЕСЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ ҚҰҚЫҚ ИЕСІНЕ ЖАРИЯЛАНБАҒАН КЕЗ КЕЛГЕН НЕМЕСЕ БАРЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕС БОЛАТЫНЫНА КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ. 7. Міндеттемеден босату және шектеу 7.1. ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢДА РҰҚСАТ ЕТІЛЕТІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА, ҚҰҚЫҚ ИЕСІ НЕМЕСЕ СЕРІКТЕСТЕР БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНА АЛМАУ, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ АРҚЫЛЫ ҚОЛДАУ НЕМЕСЕ БАСҚА ҚЫЗМЕТТЕРДІ, АҚПАРАТТЫ, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ЖӘНЕ ҚАТЫСТЫ МАЗМҰНДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ НЕМЕСЕ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТПЕУ НЕМЕСЕ ОСЫ КЕЛІСІМ ЖАҒДАЙЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ НЕМЕСЕ КЕЛІСІМШАРТТЫ НЕМЕСЕ МӘМІЛЕНІ БҰЗУ (ОНЫҢ ІШІНДЕ, ҰҚЫПСЫЗДЫҚ, ДҰРЫС КӨРСЕТПЕУ, ҚАТАҢ ТҮРДЕГІ ЖАУАПКЕРШІЛІК НЕМЕСЕ МІНДЕТТЕМЕ) НЕМЕСЕ МІНДЕТТЕМЕНІ БҰЗУ НЕМЕСЕ ҚҰҚЫҚ ИЕСІНІҢ НЕМЕСЕ СЕРІКТЕСТЕРІНІҢ КЕПІЛДІГІН БҰЗУ САЛДАРЫНАН ОРЫН АЛҒАН АРНАЙЫ, КЕЗДЕЙСОҚ, АЙЫПТЫҚ, ЖАНАМА НЕМЕСЕ САЛДАРЛЫҚ ЗАЛАЛДАРҒА (ОНЫҢ ІШІНДЕ, ТАБЫСТАН, ҚҰПИЯДА НЕМЕСЕ БАСҚА АҚПАРАТТАН АЙЫРЫЛУ, БИЗНЕС ЖҮРГІЗУГЕ КЕДЕРГІ, ҚҰПИЯЛЫҚТЫ ЖОҒАЛТУ, БҰЗЫЛЫС, ЗАҚЫМ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕР НЕМЕСЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖОҒАЛТУ, МІНДЕТТЕМЕНІ, ЖАҚСЫ СЕНІМ НЕМЕСЕ СЕНІМДІ КҮТІМ МІНДЕТТЕМЕСІН ОРЫНДАМАУ, ҰҚЫПСЫЗДЫҚ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШЫҒЫН ЖӘНЕ АҚШАЛАЙ НЕМЕСЕ БАСҚА ШЫҒЫНДАР) ЕШБІР ЖАҒДАЙДА ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ. 7.2. ОСЫ КЕЛІСІМДЕГІ БАС ТАРТУ, ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ НЕМЕСЕ ШЕКТЕУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢҒА СӘЙКЕС ЕСЕПТЕН ШЫҒАРЫЛУЫ НЕМЕСЕ ШЕКТЕЛУІ МҮМКІН ЕМЕС, ТЕК ОСЫ БАС ТАРТУ, ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ НЕМЕСЕ ШЕКТЕУ СІЗГЕ ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ ЖӘНЕ СІЗ БАРЛЫҚ ҚАЛҒАН БАС ТАРТУЛАРМЕН, ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУЛАРМЕН ЖӘНЕ ШЕКТЕУЛЕРМЕН БАЙЛАНЫСТЫРЫЛАСЫЗ. 8. GNU және басқа да үшінші тарап лицензиялары 8.1. Бағдарламалық құралға GNU жалпы әлеуметтік лицензия (GPL) немесе басқа құқықтармен қоса пайдаланушының белгілі бір бағдарламаларды немесе бөліктерді көшіруге, өзгертуге және қайта таратуға және «Ашық бағдарламалық құрал» бастапқы кодына кіруге рұқсат беретін басқа ұқсас тегін бағдарламалық құрал лицензиялары бойынша лицензия (немесе қосымша лицензия) берілген кейбір бағдарламалық құралдар кіруі мүмкін. Егер мұндай лицензияларға екілік пішімде таратылатын бағдарламалық құрал талап етілсе, бастапқы көз коды осы пайдаланушыларға қолжетімді болса, бастапқы кодты source@kaspersky.com мекенжайына сұрау жіберу арқылы алдыруға болады немесе бастапқы код Бағдарламалық құралмен бірге беріледі. Егер Ашық бағдарламалық құрал лицензиялары Құқық иесіне осы Келісімде берілгеннен көп құқық беретін Ашық бағдарламалық құралды пайдалану, көшіру немесе өзгерту құқықтарын беруді талап етсе, ондай құқықтар осы құжаттағы құқықтар мен шектеулерге қарағанда басымдыққа ие болады. 9. Зияткерлік меншік иелігі 9.1. Бағдарламалық құрал және авторлық, жүйелер, идеялар, жұмыс әдістері, құжаттама және Бағдарламалық құралда қамтылған басқа ақпарат – интеллектуалды меншік және/немесе Құқық иесі немесе Серіктестерінің маңызды сауда құпиялары және Құқық иесі мен серіктестері азаматтық және қылмыс заңымен және Ресей Федерациясы, Еуропалық Одақ және Америка Құрама Штаттары, басқа елдер мен халықаралық ұйымдардың авторлық құқық, сауда құпиясы, сауда белгісі және патенттер заңымен қорғалады. Бұл Келісім Сізге интеллектуалды меншік құқықтарын бермейді, оның ішінде Құқық иесі және/немесе Серіктестерінің сауда белгілері немесе қызмет белгілері ("Сауда белгілері"). Сауда белгісі тәжірибесіне, оның ішінде Сауда белгісі иесінің аты идентификациясына сәйкес шығарылған, басылған шығысты анықтау үшін Сауда белгілерін ғана пайдалана аласыз. Кез келген Сауда белгісін осылай пайдалану сізге Сауда белгісіне ие болу құқығын бермейді. Құқық иесі және/немесе серіктестері Бағдарламалық құралдың барлық құқығын, атын және үлесін иелік етіп сақтайды, оның ішінде Құқық иесімен немесе үшінші тараппен жасалған қате түзетулері, кеңейтімдер, Бағдарламалық құралдың Жаңартулары немесе басқа өзгерістері және барлық авторлық құқықтар, патенттер, сауданың құпия құқықтары, сауда белгілері және басқа интеллектуалды меншік құқықтары. Бағдарламалық құралды сақтау, орнату немесе пайдалану Бағдарламалық құралдағы интеллектуалды меншікке атты тасымалдамайды және осы Келісімде орнатылғанды ескермегенде Бағдарламалық құрал құқықтарын алмайсыз. Осында жасалған Бағдарламалық құралдың барлық көшірмелерінде Бағдарламалық құралда пайда болатын меншіктік ескертпелер болуы қажет. Осы жердегі мәлімденгенді ескермегенде осы Келісім Бағдарламалық құралдағы интеллектуалды меншік құқықтарын бермейді және осы Келісім бойынша берілген Лицензия осы Келісімнің шарттары мен талаптары бойынша шектеулі пайдалану құқығын ғана беретінін растайсыз. Құқық иесі осы Келісімде берілген сізге берілмеген құқыққа ие. 9.2. Бағдарламалық құралды ешбір жолмен өзгертпеуге немесе ауыстырмауға келісесіз. Бағдарламалық құрал көшірмелерінде авторлық құқық ескертпелерін немесе басқа меншіктік ескертпелерді жоя немесе өзгерте алмайсыз. 10. Қолданылатын заң 10.1. Төмендегі 10.2 және 10.3 тармақтарында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, осы Келісім заң қайшылықтары принциптеріне сілтемесіз немесе оларды қолданбай, Бағдарламалық құрал алынған елде немесе аймақта көрсетілген төмендегі заңдарға сәйкес басқарылады және құрастырылады: a. Ресей. Егер Бағдарламалық құралды Ресейде алсаңыз, Ресей Федерациясының заңдары. ә. Америка Құрама Штаттары, Пуэрто-Рико, Америкалық Самоа, Гуам және АҚШ Виргин аралдары. Егер Бағдарламалық құралды Америка Құрама Штаттары, Пуэрто-Рико, Америкалық Самоа, Гуам және АҚШ Виргин аралдары территориясында алсаңыз, Массачусетс штаты, АҚШ заңдары жүреді, алайда АҚШ заңдары тұтынушылардың құқығын қорғау, әділетсіз бәсекелестік немесе сол сияқты заңдар бойынша басқарылады. Заң бойынша рұқсат етілетін мерзімге дейін Құқық иесі мен сіз төралқа арқылы талқылау құқығынан бас тартуға келісесіз. б. Канада. Егер Бағдарламалық құрал Канададан алынса, Онтарио провинциясының заңдары қолданылады. в. Мексика. Егер Бағдарламалық құрал Мексикадан алынса, Мексика Республикасының федералдық заңдары қолданылады. г. Еуропалық Одақ (ЕО). Егер Бағдарламалық құрал ЕО мүше елінен алынса, Германия заңдары қолданылады. д. Австралия. Егер Бағдарламалық құрал Австралиядан алынса, лицензия алынған штат немесе аудан заңдары қолданылады. е. Гонконг арнайы әкімшілік ауданы (АӘА) және Макао АӘА. Егер Бағдарламалық құрал Гонконг АӘА және Макао АӘА ауданынан алынса, Гонконг АӘА заңдары қолданылады. ж. Тайвань. Егер Бағдарламалық құрал Тайваньнан алынса, Тайвань заңдары қолданылады. з. Жапония. Егер Бағдарламалық құрал Жапониядан алынса, Жапония заңдары қолданылады. н. Кез келген басқа ел немесе аудан. Егер Бағдарламалық құралды басқа елден алсаңыз, сатып алынған елдің негізгі заңдары қолданылады. 10.2. Жоғарыда айтылғанға қарамастан, осы Лицензиялық келісім жасалған немесе құрастырылған елдің немесе ауданның міндетті заңдары немесе әлеуметтік саясаты осында көрсетілген заң қолданысына тыйым салса, осындай ел немесе аудан заңдары осындай міндетті заңдар немесе әлеуметтік саясат талап ететін мерзімге дейін қолданылады. Дәл сол сияқты егер жеке тұтынушы болсаңыз, 9.1 тармағындағы шарттар ел заңдары бойынша тұрғылықты елде орын алуы мүмкін міндетті құқыққа әсер етпеуі керек. 10.3. Осы Лицензиялық келісім Халықаралық тауар сату келісімшарттарының БҰҰ конвенциясымен басқарылмауы керек, қолданысына тыйым салынады. 11. Талап ету мерзімі 11.1. Осы Келісім бойынша транзакциялардан туатын әрекетсіздік пішінге қарамастан әрекет орын алғаннан кейін немесе ашылғаннан кейін бір (1) жылдан аса уақыттан кейін болуы мүмкін, зияткерлік меншік құқықтарын бұзу әрекеті максималды рұқсат етілетін міндетті кезең ауқымында болуы мүмкін. 12. Толық келісім; Бөлінуі; Бас тартусыз 12.1. Бұл Келісім сіз бен Құқық иесі арасындағы толық келісім болып табылады және Бағдарламалық құралға немесе осы Келісім мәселесіне қатысты басқа бұрынғы жазбаша немесе ауызша келісімдер, ұсыныстар, байланыстар немесе жарнама алдында басымдыққа ие. Осы Келісімді оқығаныңызды, түсінгеніңізді растап, шарттарын ұстануға келісесіз. Егер осы Келісімнің кез келген жағдайы құзыретті сотпен жарамсыз, заңсыз немесе белгілі бір себеппен толығымен немесе жартылай күшінде болмаса, осындай жағдай заңды және күшіне ендіру үшін қайта құрастырылады және толық Келісім есепке алынбайды және Келісім балансы толық күшінде болып, бастапқы мерзіміне дейін сақтау кезінде заңмен немесе капиталмен рұқсат етілетін мерзімге дейін жарамды болады. Сіз бен Құқық иесінің өкілетті өкілімен жазбаша жазылып, қол қойылмайынша ешбір жағдайдан немесе талаптан бас тартуға болмайды және осы Келісімнің белгілі бір жағдайын бұзу мерзімінен бұрынғы, жүйелі немесе бір уақыттағы бұзылыс болып есептеледі. Құқық иесінің осы Келісім жағдайын немесе құқығын ұстанбауы немесе қатаң түрде орындамауы осындай жағдайдан немесе құқықтан бас тарту болып есептелмейді. 13. Құқық иесінің байланыс ақпараты Осы Келісімге қатысты сұрақтарыңыз болса немесе Құқық иесімен белгілі бір себеппен хабарласқыңыз келсе, біздің Тұтынушыға қызмет көрсету бөлімімізге хабарласыңыз: Kaspersky Lab UK Limited, New Bridge Street House 30-34 New Bridge Street London, EC4V 6BJ United Kingdom Эл.пошта: info@kaspersky.com Веб-сайт: https://www.kaspersky.com © 2018 Kaspersky UK Ltd KASPERSKY – ӨНІМДЕР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ҚҰПИЯЛЫҚ САЯСАТЫ Кіріспе AO Kaspersky Lab, bldg. 3, 39A, Leningradskoe Shosse, Moscow, 125212, Russian Federation мекенжайы бойынша орналасқан «Kaspersky» тобына кіретін барлық компаниялар Сіздің құпия ақпаратыңызды құрметтейді. ЕО-дағы деректерді қорғау жөніндегі өкіліміз: 2016/679 (Деректерді қорғау жөніндегі жалпы ереже, «ДҚЖЕ») ережесінің (ЕО) 27 (1) бабына сәйкес Kaspersky Labs GmbH, Despag-Strasse 3, 85055, Ingolstadt, Germany, info@kaspersky.de, +49 (0) 841 98 18 90. ДҚЖЕ 37 (1) бабына сәйкес ЕО-дағы деректерді қорғау жөніндегі қызметкерімізге басқа елдерден де dpo@kaspersky.com мекенжайы бойынша хабарласуға болады. Осы Өнімдер мен Қызметтерге қатысты құпиялық саясаты (Құпиялық саясаты) Сіз өнімдеріміз бен қызметтерімізді пайдаланғанда ұсынатын ақпаратты біз қалай қолданатынымызды және ақпаратты қолдануымызға қатысты жасай алатын таңдауларыңызды сипаттайды. Сондай-ақ ақпаратты қорғау үшін қолданатын шараларымызды және құпиялық тәжірибелеріңіз бойынша бізге қалай байланыса алатыныңызды түсіндіреміз. Kaspersky компаниясы ұсынатын арнайы өнімдер мен қызметтерге байланысты осы саясатқа қосымша деректердің өңделуіне қатысты келісімдер, пайдалану шарттары мен мәлімдемелер беріледі. Саясат заңның өзгеруіне, құзыретті органдардың талаптарына немесе жеке деректерді өңдеуге қатысты тәжірибелеріміздегі өзгертулерге байланысты өзгеруі мүмкін. Қайта қаралған саясат біздің веб-сайтта жарияланады да, сол сәттен бастап дереу күшіне енеді. Қазіргі қолданыстағы саясатты біздің веб-сайттан кез келген уақытта оқуға болады: https://www.kaspersky.com/products-and-services-privacy-policy. Осы саясат нұсқасы 2022 жылғы 28 ақпаннан бастап күшіне енеді. Ақпарат көздері Kaspersky компаниясы cіз туралы ақпаратты әр түрлі көздерден алуы мүмкін, атап айтқанда: • өнімдер мен қызметтер; • cіздің Kaspersky өнімдері мен қызметтеріне жазылымыңыз арқылы; • техникалық қолдау көрсету сұрауына жауап ретінде немесе өнімдер мен қызметтердің қажетті қызметін қамтамасыз ету үшін басқа байланыс жолымен;  • веб-сайттарымыздан; • маркетингілік немесе басқа байланысуларға жауаптан; • ұсынысқа, бағдарламаға немесе науқанға қатысу арқылы. Егер бізге басқа тұлғаға қатысты кез келген ақпарат не материал берсеңіз, осы ақпаратпен бөлісу және сізге сипатталғандай оны болашақта ара-тұра біздің пайдалануымыз қолданыстағы заңға сәйкес болуын қамтамасыз етуіңіз керек; яғни, мысалы, заң талап етсе сол тұлғаға оның жеке деректерінің өңделуі туралы хабардар етіп, келісімін алуыңыз керек. Сондай-ақ үшінші тараптардың ақпаратты (сондай үшінші тараптар алған) бізге жариялауына келісуіңіз мүмкін. Пайдаланушылар берген ақпарат және біз ақпаратты қалай пайдаланамыз Kaspersky компаниясы тарапынан жеке деректер әрдайым заңды және әділ өңделеді. Өнімдер мен қызметтерді пайдалануды бастамай тұрып, Kaspersky компаниясына беретін ақпарат түрін әрдайым біліп отырасыз. Сіз беретін деректер өзіңіз пайдаланатын қызметтерге, өнімдерге және мүмкіндіктерге байланысты болады. Сіз беретін ақпарат туралы қосымша ақпарат алу үшін, Түпкі пайдаланушының лицензиялық келісімін, Kaspersky Security Network мәлімдемесін және өзіңіз пайдаланатын өнімдер мен қызметтердің басқа да құжаттарын қараңыз, әсіресе: ҮЙДЕГІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР ҮШІН (B2C): • СПЛК-НЫҢ «Ә» БӨЛІМІ, ОНДА КЕЛІСІМШАРТ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАУ ҮШІН ӨҢДЕЛУІ КЕРЕК ДЕРЕКТЕР СИПАТТАЛҒАН; • KASPERSKY SECURITY NETWORK МӘЛІМДЕМЕСІ, ОНДА АҚПАРАТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАТЕР ТӨНГЕН ЖАҒДАЙДА ӨҢДЕЛУІ ӨНІМДЕР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ РЕАКЦИЯСЫН ЖЫЛДАМДАТАТЫН ДЕРЕКТЕР СИПАТТАЛҒАН; • МАРКЕТИНГТІК МӘЛІМДЕМЕ, ОНДА ӨҢДЕЛУІ ӨНІМДЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАҚСАРТАТЫН ЖӘНЕ ӨНІМГЕ ҚАТЫСТЫ ПАЙДАЛАНУШЫ ҚАНАҒАТТАНУШЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН ДЕРЕКТЕР СИПАТТАЛҒАН; • ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ ӨҢДЕЛЕТІН ДЕРЕКТЕРДІ СИПАТТАЙТЫН НАҚТЫ БІР ӨНІМ МҮМКІНДІКТЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ БӨЛЕК МӘЛІМДЕМЕЛЕР, АНТИСПАМ МӘЛІМДЕМЕСІ, САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕ, ВЕБ-ҚОРҒАУ МӘЛІМДЕМЕСІ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ МӘЛІМДЕМЕ. ӨНІМНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОСҚАНДА, ОСЫНДАЙ МӘЛІМДЕМЕЛЕРМЕН ТАНЫСУЫҢЫЗҒА БОЛАДЫ. БИЗНЕСТІК ПАЙДАЛАНУШЫЛАР (B2B): • СПЛК-НЫҢ «ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУГЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР» БӨЛІМІ, ОНДА КЕЛІСІМШАРТ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАУ ҮШІН ӨҢДЕЛУІ КЕРЕК ДЕРЕКТЕР СИПАТТАЛҒАН; • KASPERSKY SECURITY NETWORK МӘЛІМДЕМЕСІ, ОНДА АҚПАРАТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАТЕР ТӨНГЕН ЖАҒДАЙДА ӨҢДЕЛУІ ӨНІМДЕР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ РЕАКЦИЯСЫН ЖЫЛДАМДАТАТЫН ДЕРЕКТЕР СИПАТТАЛҒАН. КЕЙБІР ӨНІМДЕРДЕ АТ ӘКІМШІСІ НЕМЕСЕ ӨНІМДІ ОРНАТУҒА ЖАУАПТЫ БАСҚА ҚЫЗМЕТКЕР ӨҢДЕЛЕТІН ДЕРЕКТЕРДІҢ КӨЛЕМІН ТАҢДАЙ АЛАДЫ; • ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ ӨҢДЕЛЕТІН ДЕРЕКТЕРДІ СИПАТТАЙТЫН НАҚТЫ БІР ӨНІМ МҮМКІНДІКТЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ БӨЛЕК МӘЛІМДЕМЕЛЕР, МЫСАЛЫ, МАРКЕТИНГТІК МӘЛІМДЕМЕ, АНТИСПАМ МӘЛІМДЕМЕСІ, ҚОСЫМША МӘЛІМДЕМЕ ЖӘНЕ KASPERSKY MANAGED PROTECTION ҚЫЗМЕТІНЕ АРНАЛҒАН ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУГЕ ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕ, ВЕБ-ҚОРҒАУ МӘЛІМДЕМЕСІ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ МӘЛІМДЕМЕ. ӨНІМНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОСҚАНДА, ОСЫНДАЙ МӘЛІМДЕМЕЛЕРМЕН ТАНЫСУЫҢЫЗҒА БОЛАДЫ. Өңдеу үшін алынған деректер өнімге немесе қызметке байланысты болады және пайдаланушыларға бағдарламалық құралды не қызметті орнату немесе пайдалану кезінде келіскен келісімдер мен қатысты мәлімдемелерді мұқият оқып шығуға кеңес беріледі. Кейбір елдердің заңдарына сәйкес кейбір деректер жеке болмайды. Дерек түріне және дерек алынған немесе өңделген аумаққа қарамастан, біз ең жоғарғы деректерді қорғау стандарттарын пайдаланамыз және пайдаланушының деректерін қорғау, қауіпсіздігі мен құпиялығына кепілдік беру, сондай-ақ тиісті заң бойынша кепілдендірілген пайдаланушы құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін түрлі заңдық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар қолданамыз. Деректер Сіз пайдаланатын өнімдер мен қызметтерге байланысты және мыналарды қамтуы мүмкін: • Лицензия/жазылым туралы ақпарат Құқығы бар пайдаланушыларды анықтау үшін өңделеді. Бұл деректер өнім мен Kaspersky қызметтері арасында байланыс жасау, яғни өнім дерекқорын жіберу және алу, жаңартулар, т.б. үшін қажет. • Өнім туралы ақпарат Өнімнің жұмысы және пайдаланушымен әрекеттесуі бойынша деректер де өңделеді. Мысалы, қатерді тексеру қанша уақыт алады? Басқалармен салыстырғанда қай мүмкіндіктер жиірек қолданылады? Осы және басқа сұрақтарға берілетін жауаптар әзірлеушілерге өнімдерді жақсартуға және оларды жылдам әрі қолайлы етуге көмектеседі. • Құрылғы туралы деректер Құрылғының түрі, жұмыс жүйесі, т.б. сияқты деректер амалдық жүйені қайта орнатқаннан кейін пайдаланушы қауіпсіздік бағдарламасы үшін жаңа лицензияны сатып алмауы үшін қажет болуы мүмкін. Сондай-ақ бұл ақпарат кибер қатерлерді талдауға көмектеседі, себебі ол белгілі қатердің қанша құрылғыға әсер еткенін көрсетеді. • Анықталған қатерлер Құрылғыда (белгілі не белгісіз) қатер табылса, ол туралы ақпарат Kaspersky компаниясына жіберіледі. Бұл қатерлерді, олардың көздерін, инфекциялау жолдарын, т.б. талдауға көмектесіп, нәтижесінде пайдаланушыларды жақсырақ көмектесуге септігін тигізеді. • Орнатылған қолданбалар туралы ақпарат Бұл ақпарат зиянсыз қолданбалар тізімін жасауға көмектесіп, қауіпсіздік бағдарламаларының сондай қолданбаларды зиянды деп тануына жол бермейді. Сондай-ақ бұл деректер Ата-ана бақылауы және Қолданбаның іске қосылуын бақылау сияқты мүмкіндіктер үшін бағдарлама санаттарын жаңарту және кеңейту үшін пайдаланылады. Бұған қоса бұл ақпарат пайдаланушыларға олардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратын қауіпсіздік шешімдерін ұсынуға көмектеседі. • Кірген URL мекенжайлары URL мекенжайлары зиянды не зиянсыз екенін тексеру үшін жіберілуі мүмкін. Бұл ақпарат зиянсыз веб-сайттар тізімін жасауға көмектесіп, қауіпсіздік бағдарламаларының сондай веб-сайттарды зиянды деп тануына жол бермейді. Бұл деректер Kaspersky Safe Kids сияқты шешімдер үшін веб-сайт санаттарын жаңарту және кеңейту және Kaspersky Fraud Prevention сияқты өнімдерде қаржы операцияларын жақсырақ қорғау үшін пайдаланылады. Бұған қоса бұл ақпарат пайдаланушыларға олардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратын қауіпсіздік шешімдерін ұсынуға көмектеседі. Пайдаланушының бастапқы браузер сұрауында есептік жазбалар мен құпиясөздер туралы ақпарат болса, ол қаралған URL мекенжайларынан, тіпті хост аты мен IP мекенжайына дейін жойылады. Кез келген жағдайда пайдаланушының есептік жазбалары мен құпиясөздерін өңдеу Kaspersky компаниясының мақсатына кірмейді және Kaspersky компаниясы осы деректерді өңдемеу үшін барлық ақылға қонымды және тиісті шараларды қолданады. • Амалдық жүйе оқиғалары Жаңа зиянкес бағдарламаларды көбіне тек олардың күдікті әрекеті арқылы анықтау мүмкін болады. Сол себепті өнім құрылғыда іске қосулы процестердегі деректерді талдайды. Бұл зиянды әрекеттерге нұсқау жасайтын процестерді ерте анықтауға және пайдаланушы деректерін жою сияқты зиянды салдарды болдырмауға мүмкін береді. • Күдікті файлдар және қаскүнемдер пайдалануы мүмкін файлдар Егер құрылғыда күдікті әрекеті байқалған (әлі) белгісіз файл анықталса, ол автоматты түрде машиналық оқуға негізделген технологиялар және сирек жағдайда зиянкес бағдарлама аналитигі тарапынан қосымша талдауға жіберілуі мүмкін. «Күдікті» санатына негізінен орындалатын файлдар (.exe) кіреді. Жалған оң нәтижелердің ықтималдығын азайту мақсатында орындалатын және орындалмайтын зиянсыз файлдар немесе олардың бөліктері жіберілуі мүмкін. • Wi-Fi байланыс деректері Бұл ақпарат пайдаланушыларға қауіпсіз емес (яғни нашар қорғалған) Wi-Fi қосылу нүктелері туралы ескерту жасау үшін талданып, жеке деректердің кездейсоқ ұсталып қалуына жол бермейді. • Пайдаланушының байланыс деректері Электрондық пошта мекенжайлары Kaspersky веб-порталдарында (My Kaspersky, Kaspersky CompanyAccount, Kaspersky Endpoint Security Cloud, т.б.) авторизациялау үшін қолданылады, ол пайдаланушыларға өз қорғанышын қашықтан басқаруға мүмкіндік береді. Электрондық пошта мекенжайлары Kaspersky өнімдерінің пайдаланушыларына қауіпсіздік хабарларын (мысалы, маңызды ескертулері бар) жіберу үшін қолданылады. Сондай-ақ пайдаланушылар My Kaspersky порталында және эл. пошталарында аталатын аттарын (немесе лақап аттарын) көрсете алады. Байланыс мәліметтерін пайдаланушылары өз ұйғарымы бойынша береді. • Дамп және трассирлеу файлы Өнім параметрлерінде арнайы ұяшыққа құсбелгі қойып, пайдаланушылар сондай-ақ қате есептерін Kaspersky серверіне жібере алады. Бұл ақпарат (1) өнімде орын алған қателерді талдауға және болашақта тиімдірек қызмет етуі үшін сәйкесінше түрлендіруге және (2) пайдаланушының жүйесіне төнетін қатерлерді жұмсарту үшін пайдаланушының компьютеріне инфекция жұғуын тергеуге көмектеседі. • Электрондық хаттар Спамға қарсы функцияны пайдаланған кезде, Kaspersky электрондық хаттарды тексеріп, сізді спам мен алаяқтықтан қорғау үшін олар туралы ақпаратты пайдаланады. Сіз Kaspersky компаниясына бір электрондық хаттың спам екенін немесе бағдарламалық құрал оны қателесіп спам деп анықтағанын көрсеткен кезде, сіз біздің оны талдауымызға көмектесіп, пайдаланушыларға жоғарырақ қорғау сапасын ұсынуымызға мүмкіндік бересіз. • Ұрланған құрылғы туралы деректер Ұрлыққа қарсы мүмкіндік ұрланған жағдайда мобильді телефоныңыздағы деректерді қорғауға бағытталған белгілі қашықтан кіру және бақылау функцияларын ұсынады, сондай-ақ ұрланған құрылғының орны туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Ұрлыққа қарсы мүмкіндік бұл функциялар жұмыс істеуі үшін телефоныңыз және мақұлданған пайдаланушылар туралы деректерді сақтауы тиіс. • Баланы қорғау мүмкіндігіне арналған деректер Ата-ана немесе сондай жауапкершілігі бар тұлға Kaspersky Safe Kids сияқты баланы қорғау мүмкіндігін пайдаланғысы келсе, ол баланың құрылғысы және баланың орны туралы ақпаратты ала алады. Бұған қоса ата-ана немесе сондай жауапкершілігі бар тұлға арнайы веб-сайттарды құлыптау немесе оларға рұқсат беру және/немесе белгілі қолданбалардың бала құрылғысына жұмыс істеуге рұқсат беру не тыйым салу үшін параметрлерді реттей алады. Kaspersky балалар дерегін осындай мүмкіндік шегінен тыс жинамайды. • Мобильді құрылғының бірегей идентификаторы Бұл құрылғының идентификаторы құрылғының Жарнама идентификаторының көмегімен Android 8 немесе одан кейінгі нұсқасы орнатылған пайдаланушы құрылғысында жасалады. Біз Жарнамалау идентификаторын ашық мәтінде өңдемейміз; біз оны тек хэш-сомасында өңдейміз. Пайдаланушы Жарнамалау идентификаторының мәнін қалпына келтірген жағдайда, мобильді құрылғының бірегей идентификаторының жаңа мәні ескі мәнмен біріктіріледі, бұл құрылғыны қызметтермен дұрыс пайдалану үшін қажет болады. KASPERSKY ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢҒА СӘЙКЕС ЗАҢДЫ ЖӘНЕ KASPERSKY БИЗНЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ АРНАЙЫ, АЛДЫН АЛА АНЫҚТАЛҒАН МАҚСАТТАР ҮШІН ҒАНА ӨҢДЕЙДІ. • Пайдаланушылармен жасалған келісімшарттардың іске асырылуын және клиенттердің өнімдері мен қызметтерінің қажетті жұмысын қамтамасыз ету үшін. • Пайдаланушыны белгілі ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінен қорғау үшін. • Лицензияның заңды екенін растау үшін. • Антивирустық дерекқорларды жаңарту. • Құрылғыларды, желілерді және ақпараттық жүйелерді қорғау тиімділігін арттыру, атап айтқанда, жаңа ақпараттық және желілік қауіпсіздік қатерлері кезінде жылдамырақ шара қолдану, бағдарламалық құралдың қорғаныс компонентінің өнімділігін арттыру, жалған дабылдардың орын алу мүмкіндіктерін азайту үшін. • Киберқауіпсіздікке төнетін жетілген және бұрын белгілі болмаған қауіптерді анықтау және оларға қарымта шаралардың уақытын азайту. Қосымша мәліметтер төмендегі «Киберкеңістікті қорғау үшін қатерлерді талдау» бөлімінде берілген. • Пайдаланушы тәжірибесін және өнімдеріміз бен қызметтерімізді, соның ішінде мүмкіндіктерді, функцияларды және интерфейстерді жақсарту. • Клиенттерге өнімдер мен қызметтерге қатысты техникалық қолдау көрсету және өнімдер мен қызметтердің сапасын жақсарту үшін. • Статистикалық зерттеу мен талдаулар жүргізу арқылы үйде пайдаланушылар үшін өнімдердің жинақталған шолуын алу. Қосымша мәліметтер төмендегі «Өнімдерге статистикалық зерттеу жүргізу» бөлімінде берілген. • Пайдаланушыларды Kaspersky компаниясынан берілген дербестендірілген ақпаратпен және ұсыныстармен, соның ішінде өнім мүмкіндіктеріне, қауіпсіздік деңгейлерін сақтауға қатысты ақпаратпен және ұсыныстармен, қолдауға және анықтамаға қатысты басқа материалдармен, сондай-ақ пайдаланушының қызығушылықтары мен қалауларына сүйене отырып Kaspersky компаниясының және үшінші тараптардың өнімдері мен қызметтерімен, маркетингтік ұсыныстарымен, жеңілдіктерімен және жарнамалық материалдарымен қамтамасыз ету. Киберкеңістікті қорғау үшін қатерлерді талдау Зиянды бағдарламалық құралдардың жаңа буындары үнемі пайда болып отырады және олардың көбі қолданыстағы қауіпсіздік шешімдерін айналып өту үшін жаңа, жетілдірілген әдістерді қолданады. Мұндай ұдайы өзгеріп отыратын ортада қорғау қатерлердің көрінісін мұқият талдап, деректерді пайдаланушыларымыз үшін деректерден шара қолдануға мүмкіндік беретін ақпаратты сүзген кезде ғана нәтижелі болмақ. Бұған қол жеткізу үшін, қауіпсіздік шешімдерінде қатерлер туралы деректермен жұмыс істеудің мейлінше кең ауқымын ең зерделі деректерді өңдеу технологияларымен ұштастыратын бұлттық амал қолданылуы керек. Біздің инфрақұрылымымыз күрделі жаһандық киберқатерлер туралы деректерді қабылдап және өңдеп, оларды өнімдеріміздің қуатын арттыратын шара қолдануға мүмкіндік беретін қатерлер туралы ақпаратқа айналдыруға арналған. Қатерлерге қатысты деректердің негізгі көзі пайдаланушыларымыздан келеді. Деректерін бөлісіп, оларды жасанды ақыл-ой мен мамандардың сақтап, талдауына рұқсат беру арқылы олар дүние жүзіндегі пайдаланушылардың ең жаңа киберқатерлерден қорғалуын қамтамасыз етуімізге көмектеседі. Атап айтқанда, KSN пайда болып жатқан киберқатерлерге жылдам шара қолдануымызға көмектесе отырып, қорғаудың мейлінше жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді және жалған оң нәтижелерді азайтуға көмектеседі. Сіз инфрақұрылымымыздың алуына рұқсат ететін деректердің мөлшері пайдаланылатын өнімге, оның конфигурация параметрлері мен таңдауларына байланысты. Бұл амал пайдаланушыларымыз бен жалпы киберкеңістікке бірқатар артықшылық ұсынады, соның ішінде: • Жетілдірілген және бұрын белгісіз болған зиянды бағдарламалық құралдарды анықтау; • Анықтау қателерін (жалған оң нәтижелер) азайту; • Жаңа қатерлерге қарсы шара қолдану уақытын айтарлықтай азайту. Өнімдерге статистикалық зерттеу жүргізу Ағымдағы пайдаланушылардың тәжірибесін жақсарту, өнімдеріміз бен қызметтерімізді әзірлеу, әлеуетті нарықтарды анықтау және іскерлік мүмкіндіктер жолында жұмыс істеудің жолдарын жақсырақ түсіну мақсатында біз үйде пайдаланушылар үшін өнімдердің жинақталған шолуын алу үшін зекрттеу жүргізіп, статистикалық талдаулар жасаймыз. Әрине, біз мұны орынды себеппен және заңды негізге сүйене отырып жасаймыз. Оған қоса, біз деректердің қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін міндетті түрде техникалық және ұйымдастыру шараларын іске асырамыз. Мысалы, біз деректерге статистикалық талдау жүргізгенде, олар ең алдымен сол мақсат үшін деидентификация процесінен өтеді. Бұл біздің құпиялық қағидаларымызға сай (қосымша мәліметтерді төмендегі «Құпиялық қағидалары» бөлімінен қараңыз). Деректерді өңдеудің құқықтық негіздері Біз пайдаланатын құқықтық негіз жеке деректерді өңдеудің мақсатына байланысты және ол мыналар болуы мүмкін: • Келісімшарт – ДҚЖЕ ережесінің 6-бабының (1) (b) тармағына сәйкес, келісімшартты орындауға қажетті кей деректерді өңдеуіміз керек болған жағдайларда, мысалы, пайдаланушы бағдарламалық құралды пайдалану үшін EULA шарттарын қабылдағанда; • Келісім – ДҚЖЕ ережесінің 6-бабының (1) (a) тармағына сәйкес, пайдаланушы бізге KSN мәлімдемесіне, Маркетингтік мәлімдемеге, Антиспам мәлімдемесіне, Қосымша мәлімдемеге, Kaspersky Managed Protection қызметіне арналған деректерді өңдеуге қатысты мәлімдемеге, Веб-бақылауға арналған деректерді өңдеуге қатысты мәлімдемеге (Бұрын «Ата-ана бақылауына арналған деректерді өңдеуге қатысты мәлімдеме» деп аталған), Қоңыраулар сүзгісіне арналған деректерді өңдеуге қатысты мәлімдемеге немесе Техникалық қолдау мәлімдемесіне қатысты деректер жіберген жағдайларда; • Құқықтық міндеттеме – ДҚЖЕ ережесінің 6-бабының (1) (c) тармағына сәйкес, біз деректерді заң талаптарын орындау үшін, мысалы, салық мақсаттарында өңдеуіміз керек болған жағдайларда; • Заңды мүдде – ДҚЖЕ ережесінің 6-бабының (1) (f) тармағына сәйкес, мұндай мүдделерден пайдаланушының мүдделері немесе негізгі құқықтары мен еркіндіктері басым болмаса, киберқауіпсіздік компаниясы ретінде біздің заңды мүдделеріміз болған жағдайларда. Мұндай жағдайларға деректерге статистикалық талдаулар жүргізуге дайындық ретінде олар деидентификациядан өтетін және жасанды ақыл-ойды пайдалану және/немесе мамандарымыздың білімі мен тәжірибесіне сенім арту арқылы жеке деректер инфрақұрылымдарымызда сақталып, оларда жаңа пайда болған және ықтимал киберқауіптер бар-жоғын талданатын өңдеу сценрийлері кіреді. ДҚЖЕ ережесінің 49-мәлімдеме тармағында желі және ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті және мөлшерлес дәрежеде жеке деректерді өңдеу компанияның заңды мүддесі екені мойындалады. Кейбір жергілікті заңдар бойынша, «Сіздің құқықтарыңыз бен опцияларыңыз» бөлімінде сипатталғандай, жеке деректеріңізге қатысты құқықтарыңызды жүзеге асыруға құқығыңыз болуы мүмкін. Бұл құқығыңызды қолданғыңыз келсе, https://support.kaspersky.com/general/privacy арқылы бізге хабарласыңыз. ДЕРЕКТЕРДІҢ ӨҢДЕЛУІН ШЕКТЕУ ӨНІМ НЕМЕСЕ МҮМКІНДІК ЖҰМЫС ІСТЕУІ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ДЕРЕКТЕРДІ БЕРМЕУДІ ТАҢДАСАҢЫЗ, СОЛ ӨНІМДІ НЕМЕСЕ МҮМКІНДІКТІ ПАЙДАЛАНА АЛМАУЫҢЫЗ МҮМКІН. МІНДЕТТІ ДЕРЕКТЕРДІҢ ТІЗІМІ ТҮПКІ ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМІНДЕ БЕРІЛГЕН. KASPERSKY SECURITY NETWORK МӘЛІМДЕМЕСІ НЕМЕСЕ МАРКЕТИНГТІК МӘЛІМДЕМЕ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР ӨНІМ ПАРАМЕТРЛЕРІНДЕГІ ТИІСТІ ҰЯШЫҚҚА ҚҰСБЕЛГІ ҚОЮ АРҚЫЛЫ БІЗГЕ КЕЗ КЕЛГЕН УАҚЫТТА БЕРЕ АЛАТЫН ДЕРЕКТЕРДІҢ ТІЗІМІН ҚАМТИДЫ (СОНДАЙ-АҚ КЕЗ КЕЛГЕН УАҚЫТТА БҰЛ ШЕШІМІНЕН БАС ТАРТУҒА ҚҰҚЫЛЫ БОЛАДЫ). Біз өңдемейтін деректер Kaspersky өз өнімдері мен қызметтері арқылы діні, саяси көзқарастары, сексуалдық қалауы немесе денсаулығы сияқты «құпия» жеке деректерді немесе жеке деректердің арнайы санаттарын өңдемейді. Біз бұндай деректерді алуға тырыспаймыз және олардың Сізден сұрамаймыз. Kaspersky өнімдерін ересек адам орнатуға және пайдалануға тиіс. Kaspersky өнімі орнатылған құрылғыны балалар тек ата-аналарының немесе сондай жауапкершілігі бар тұлғалардың рұқсатымен пайдалануы тиіс. «Баланы қорғау мүмкіндігіне арналған деректерден» басқа балалардың жеке деректерін өңдеуге ниетті емеспіз және балалардың жеке ақпаратын алуға тырыспаймыз. Ақпарат беру Біз тек мынадай жағдайларда ақпаратты жариялауымыз мүмкін: • Kaspersky компаниялары тобының ішінде. Деректер ортақ пайдаланылуы мүмкін. • Қызмет провайдерлері. Сондай-ақ біз ақпаратты бізге қызметтер көрсететін вендорлармен, соның ішінде веб-талдау, деректер өңдеу, жарнама, электрондық хаттарды тарату, төлемді өңдеу, тапсырысты орындау және басқа да қызметтер көрсететін компаниялармен бөлісуіміз мүмкін. • Құқық қорғау органы немесе атқарушы билік органы. Kaspersky дүние жүзі бойынша құқық қорғау және атқарушы билік органдарының сұрауларына қатысты қатаң қағидалар мен ішкі процедураларды ұстанады. Біз қабылдаған әр сұрау біздің қолданыстағы заңдар мен процедуралардың талаптарын орындауымызды қамтамасыз ету үшін құқықтық тексеруден өтеді. Kaspersky компаниясының қағидалары туралы толық ақпаратты https://www.kaspersky.com/transparency-center веб-сайтынан табуға болады. Кейбір өнімдеріміз, мысалы Kaspersky Secure Connection, құпиялық тәжірибелері Kaspersky тәжірибесінен өзгеше болатын үшінші тараптардың қызметтерін пайдаланатынын ескеріңіз. Осы қызметтердің кез келгеніне жеке деректер берсеңіз, деректеріңіз солардың құпиялық мәлімдемесімен реттеледі. Тиісті құпиялық мәлімдемелерінде сипатталған деректерді өңдеу ережелерімен және процедураларымен танысу үшін өзіңіз жауаптысыз. Ақпарат өңделетін жер Пайдаланушылар Kaspersky компаниясына берген жеке деректер мына елдерде, соның ішінде Еуропалық Одақтан (ЕО) немесе Еуропалық Экономикалық Аумақтан (ЕЭА) тыс елдерде өңделуі мүмкін: ЕО немесе ЕЭА ішінде: • Германия • Нидерланд • Франция • Біріккен Корольдік • Швеция • Италия • Испания • Румыния ЕО немесе ЕЭА аумағынан тыс: • Швейцария • Канада • Сингапур • Ресей • Жапония • АҚШ • Мексика • Қытай • Әзірбайжан • Бразилия • Аргентина • Израиль • БАӘ • Оңтүстік Корея • Австралия • Беларусь Пайдаланушы берген деректерді өңдей алатын елдер тізімі өзгеруі мүмкін. Ағымдағы елдер тізімімен веб-сайттағы Құпиялық саясатының нұсқасында танысуға болады https://www.kaspersky.com/products-and-services-privacy-policy. Жалпы іс жүргізу практикамызға сәйкес ЕО-дағы пайдаланушылардан алынған деректер ЕО мен Ресейде орналасқан серверлерде өңделеді. Еуропалық комиссия тиісті деректерді қорғау деңгейі жоқ деп анықтаған кейбір жеке деректер ЕО немесе ЕЭА шегінен тыс жерлерде өңделуі мүмкін. Сондай-ақ, олар бізге немесе қызмет көрсетушілеріміздің біріне жұмыс істейтін ЕО немесе ЕЭА шегінен тыс тұратын қызметкерлеріміздің тарапынан өңделуі мүмкін. Еуропалық комиссия таныған тиісті шешімдер немесе қорғау шаралары болмаған кезде, жеке деректер ЕО немесе ЕЭА шегінен тыс жерлерге тасымалданған жағдайда пайдаланушы үшін қатерлер болуы мүмкін. Деректер өңделгенде біз әрдайым ең жоғары деректерді қорғау стандарттарын пайдаланамыз және пайдаланушы деректерін қорғау, қауіпсіздік пен құпиялыққа кепілдік беру және пайдаланушы құқықтарын қамтамасыз ету үшін түрлі заңды шаралар қолданамыз. Еуропалық комиссияның Kaspersky деректерді өңдейтін елдердегі жеке деректерді қорғау тиімділігі бойынша шешімдері туралы қосымша ақпарат алу үшін, мына сайтқа өтіңіз: ec.europa.eu/info/law/law-topic/data-protection/international-dimension-data-protection/adequacy-decisions_en. Сіздің құқықтарыңыз бен опцияларыңыз Жеке деректеріңізге қатысты белгілі құқықтарыңыз бар. Сондай-ақ, бізге беретін жеке деректеріңіздің түрі, сол ақпараттың пайдаланылу жолы және сізбен байланысу жолымыз бойынша белгілі опциялар ұсынамыз. Көп жағдайда Kaspersky өнімдерін, қызметтері мен веб-сайттарын пайдаланғанда бізге жеке деректеріңізді бермеуіңізге де болады. Сондай-ақ, ақпаратты тікелей бізге беруден де бас тартуға құқылысыз. Дегенмен сұралған кезде жеке деректеріңізді бермесеңіз, Kaspersky өнімдері мен қызметтерін толық ауқымда пайдалана алмауыңыз ықтимал және біз Сізге өнімдер, қызметтер мен науқандар туралы ақпарат ұсына алмауымыз мүмкін. Бізден маркетингтік электрондық хаттар алу үшін бұрын жазылған болсаңыз, олардағы жазылудан бас тарту сілтемесін басу арқылы кез келген уақытта маркетингтік хабарландырулар алуды тоқтата аласыз. Жұмыс берушіңіз Kaspersky компаниясына жеке деректеріңізді берсе, Kaspersky компаниясының ақпаратты пайдалануына немесе жариялауына қатысты белгілі опцияларыңыз болуы мүмкін. Опциялар туралы білу және оларды пайдалану үшін жұмыс берушіңізге хабарласыңыз. Қолданыстағы заң ауқымында бізге бұрын берген кез келген келісіміңізден бас тартуыңызға немесе заңды негізде жеке деректеріңіздің өңделуіне қарсы шығуыңызға болады. Болашақта Сіздің қалауыңызды ескеретін боламыз. Белгілі жағдайларда Kaspersky компаниясына жеке деректеріңізді пайдалануға немесе жариялауға берген келісіміңізден бас тарту нәтижесінде кейбір Kaspersky өнімдері мен қызметтерінің артықшылықтарын пайдалана алмауыңыз мүмкін. Қолданыстағы заңға сәйкес сіздің мынадай құқықтарыңыз болуы мүмкін: • Біздің сіз туралы жеке деректерді сақтайтынымыздың растауын алу; • Жеке деректеріңізге қол жеткізу мүмкіндігін сұрау және олар туралы ақпарат алу; • Сіздің бізге берген жеке деректеріңіздің көшірмелерін, сондай-ақ машина оқи алатын пішімде алу және техникалық тұрғыдан мүмкін болған жағдайда оларды басқа деректерді басқарушыға жіберту; • Жеке деректеріңіздегі дәлсіздіктерді жаңарту және түзету; • Жеке деректеріңіздің өңделуіне қарсылық білдіру; • Тиісті жағдайларда ақпаратты бұғаттату, аноним еткізу немесе жойғызу • Қадағалаушы органға шағым түсіру. Жеке деректерге қол жеткізу құқығы кей жағдайларда жергілікті заңның немесе технологиялық шаралардың талаптары бойынша, соның ішінде деректер аноним етілген жағдайларда шектелуі болуы мүмкін, сондықтан жеке басы анықталған немесе жеке басын анықтауға болатын жеке тұлғамен байланыстырылмайды. Бұл құқықтарды қолданғыңыз келсе, https://support.kaspersky.com/general/privacy мекенжайы бойынша кез келген уақытта бізге тікелей хабарласа аласыз. Тегін өнімдерімізді пайдаланатын жағдайларда деректердің өңделуіне қарсылық білдіргіңіз келсе немесе келісіміңізді қайтарғыңыз келсе, өнімді пайдалануды тоқтату және/немесе жою керек. Жіберіліп қойылған деректерді жою құқығыңызды қолданғыңыз келсе, https://support.kaspersky.com/general/privacy арқылы жоюды сұрау үшін тікелей бізге хабарласыңыз. Егер біз Сіздің жеке деректеріңізді өңдеу бойынша үміттеріңізді ақтамасақ немесе біздің құпиялық саясатымыз туралы шағым жасағыңыз келсе, оны бізге хабарлаңыз, біз мәселені шешуге тырысамыз. Төмендегі «Бізге хабарласу» бөлімінде берілген байланыс мәліметтерін пайдаланып бізге хабарласуыңызға болады. Сұрауыңызға жауап беруге көмектесу үшін, мәселені толық сипаттаңыз. Барлық шағымдарды ақылға қонымды уақытта қарастырып, шешуге тырысамыз. Құпиялық қағидалары Kaspersky компаниясындағы жеке деректердің өңделуі мынадай қағидаларға негізделген: Келісім және таңдау • Пайдаланушылар келісім беруден бас тарта алмайтын жағдайларды немесе қолданыстағы заң жеке деректерді жеке тұлғаның келісімінсіз өңдеуге арнайы рұқсат беретін жағдайларды қоспағанда, пайдаланушыларға олардың жеке деректерінің жіберілуіне рұқсат беру немесе бермеу құқығын ұсыну. Пайдаланушы таңдауы еркін жасалуы, нақты және саналы болуы тиіс; • Жеке қатысу және қол жеткізу қағидалары негізінде келісім алмай тұрып пайдаланушыларға ақпарат беру; • Келісім алмай тұрып пайдаланушыларға ашықтық, жариялылық және хабарландыру қағидаларына сәйкес ақпарат ұсыну; және • Пайдаланушыларға келісім беру немесе бермеу салдарды туралы түсіндіру. Заңдылық мақсаты және сипаттамасы • Мақсат(тар) қолданыстағы заңға сәйкес және рұқсат етілген заңды негізге арқа сүйейтінін қамтамасыз ету; • Ақпарат жаңа мақсатта бірінші рет пайдаланылмай тұрып, мақсатты (тарды) пайдаланушыларға хабарлау; • Осы спецификация үшін түсінікті әрі жағдайға бейімделген тілді пайдалану. Деректерді өңдеу шектеуі • Жеке деректерді қолданыстағы заң ауқымында болатын шамада және тек көрсетілген мақсатқа(тарға) қажет болған жағдайларда жинау. • Жеке деректерді өңдеу мақсатының мерзімі өткеннен кейін, жеке деректерді сақтауға заңды талап жоқ немесе солай істеу тиімді болғанда жеке деректерді жою немесе аноним ету. Пайдалану, сақтау және жариялауға шектеу • Жеке деректердің пайдаланылуын, сақталуын және жариялануын арнайы, нақты және заңды мақсаттарға жету үшін қажеттілерімен шектеу; • Қолданыстағы заң бойынша басқа мақсат анық қажет болғанша, деректерді алмай тұрып жеке деректердің пайдаланылуын Kaspersky компаниясы көрсеткендерімен шектеу; • Жеке деректерді сақтау мәлімденген мақсаттарды орындауға (мысалы, өнімнің лицензия шарттарына байланысты әдетте 1 жыл және қажет болған жағдайда қандай да бір жаңарту мерзіміне тең Kaspersky компаниясы мен сіздің араңыздағы тиісті лицензиялық келісімнің мерзімі бойы лицензия шарттары бойынша талап етілетін жеке деректерді сақтау) және одан кейін қауіпсіз жолмен жоюға немесе анонимді етуге қажет мерзім бойы ғана сақтау; • Жеке деректерді құқықтық міндеттемелерді орындауға, заң талаптарын орындауға, дауларды, соның ішінде азаматтық дауларды, сот процестерін немесе тергеулерді шешуге қажетті мерзім бойы ғана сақтау; • Жеке деректерді заңды мүдделерді орындауға қажетті мерзім бойы ғана сақтау; және • Мәлімденген мақсаттардың мерзімі өткен соң, бірақ қолданыстағы заңдардың талаптарын орындау үшін сақтау керек болған жағдайда кез келген жеке деректерді құлыптау (яғни, мұрағаттау, қауіпсіз ету және жеке деректерді кейінгі өңдеуден алып тастау). Дәлдік және сапа • Өңделетін жеке деректердің дәл, толық, жаңа (ескірген деректерді сақтауға заңды негіз болмайынша), жарамды және қолданылу мақсатына сәйкес болуын қамтамасыз ету; • Өңдеу алдында пайдаланушыдан басқа көзден алынған жеке деректердің сенімділігін тексеру; • Жарамды болғанда жеке деректерге өзгертулер енгізбей тұрып, тиісті тәсілдермен пайдаланушы талаптары негізді әрі дұрыс екенін тексеру (өзгертулерге тиісті рұқсаттардың берілуін қамтамасыз ету үшін); • Дәлдік пен сапаны қамтамасыз етуге көмектесу үшін жеке деректерді өңдеу процедураларын орнату; және • Жеке деректерді өңдеу дәлдігін және сапасын жүйелі түрде тексеріп отыру үшін бақылау механизмдерін орнату. Ашықтық және хабарландыру • Пайдаланушыларға Kaspersky саясаттары туралы анық әрі оңай қолжетімді ақпарат беру; • Жеке деректерді өңдеуге қатысты процедуралар мен практикалар орнату; • Хабарландыруларға жеке деректердің өңделетіні туралы мәліметті, олардың өңделу мақсаты, жеке деректер жариялануы мүмкін құпиялыққа мүдделі тараптардың түрлері және жоғарыдағыларды анықтайтын тұлғаның идентификациясы және хабарласу жолы туралы ақпаратты қосу; • Ақпаратының өңделуін шектеу және қол жеткізу, түзету және өшіру мақсатында пайдаланушыларға Kaspersky компаниясы ұсынған опциялар мен әдістерді жариялау; • Жеке деректерді өңдеу процедураларында елеулі өзгертулер орын алғанда, пайдаланушыларға хабарландыру жасау. Жеке қатысу және қол жеткізу • Алдымен тұлғасы тиісті тексеру деңгейімен расталғаннан кейін және сондай қол жеткізу мүмкіндігіне қолданыстағы заңмен тыйым салынбаған болса, пайдаланушыларға бізбен байланысу («Бізге хабарласу» бөлімінде берілген байланыс мәліметтерін пайдаланып) және жеке деректерін қарап шығу мүмкіндігін беру; • Пайдаланушыларға жеке деректердің дәлдігі мен толықтығына шағым жасауға және оларды тиісінше және белгілі ауқымда мүмкін болғанша жөндеуге, түзетуге немесе жоюға рұқсат ету («Бізге хабарласу» бөлімінде берілген байланыс мәліметтерін немесе өнімдеріміз бен қызметтеріміздің интерфейсін пайдаланып); • Белгілі болғанда жеке деректер жарияланған дерек өңдеушілеріне және үшінші тараптарға кез келген жөндеулерді, түзетулерді немесе жоюларды қамтамасыз ету; және • Пайдаланушыларға осы құқықтарды қарапайым, жылдам және тиімді жолмен, орынсыз кешігу мен шығынды тудырмайтындай етіп іске асыруға мүмкіндік беретін процедуралар орнату. Ақпараттық қауіпсіздік: Сіздің құпиялығыңызды қалай қорғаймыз Ақпараттық қауіпсіздік Kaspersky компаниясының негізгі қызметі болып табылады. Сіз берген барлық деректер мен ақпарат әдепкі күйде құпия болып табылады. Kaspersky компаниясы жеке деректерді өңдеуден туындайтын нақты тәуекелдерді, сондай-ақ ең соңғы қауіпсіздік стандарттары мен процедураларын есепке ала отырып, тиісті әрі тиімді жеке деректерді қорғаудың техникалық және ұйымдастырушылық қорғаныс шараларын әрдайым қолданады. Басқа себептермен қоса тиісті қорғаныс деңгейін анықтау және қамтамасыз ету үшін Kaspersky компаниясы өңдеу жүйелерін жеке деректермен жіктейді және қорғаныс шараларының каскадты жиынын қолданады. Сондай-ақ Kaspersky компаниясы ақпаратты жоғалудан, дұрыс пайдаланбаудан, зақымданудан немесе өзгертілуден және рұқсатсыз қол жеткізуден не жариялаудан қорғау үшін физикалық, электрондық және процедуралық қорғаныш шараларын қолданады. Ақпараттық қауіпсіздік бағдарламамыздың кейбір орталық мүмкіндіктері мынадай: • Ақпараттық қауіпсіздік бағдарламамызды жобалайтын, қолданатын және бақылайтын Ақпараттық қауіпсіздік департаменті; • Kaspersky өңдеу жүйесін жұмысы кезінде жеке деректерге төнетін қатерлерді анықтау; • Тиісті ақпараттық қауіпсіздік құралдарын қолдану; • Өңдеу жүйелерін іске қоспай тұрып қолданылған жеке деректерді қорғау шараларының тиімділігін бағалау; • Түрлі қызметтерге немесе веб-сайттарға кіру мүмкіндіктерін анықтау, тексеру және рұқсат ету үшін бақылау элементтерін қолдану; • Жеке деректерге рұқсатсыз қол жеткізу фактілерін анықтау және тиісті шаралар қолдану; • Өзгертілген немесе жойылған жеке деректерді қалпына келтіру; • Kaspersky өңдеу жүйелерінде өңделетін жеке деректерге қол жеткізу ережелерін белгілеу және осы жүйелерде жеке деректерге қатысты іске асырылған барлық әрекеттерді тіркеу және есепке алу; • Клиенттеріміз бен серверлеріміздің арасындағы шифрлау (және біздің түрлі дерек орталықтары арасында); • Біз қызметкерлеріміздің және оны біз үшін өңдеу мақсатында ақпаратты білуі тиіс және ақпаратқа қатысты қатаң келісімшарттық құпиялық міндеттемелері жүктелген мердігерлердің деректерге қол жеткізу мүмкіндігін шектейміз. Осы міндеттемелерді орындамаған жағдайда олар тәртіпті жазаға тартылуы немесе олармен жасалған келісімшарт бұзылуы мүмкін; • Әлсіздіктерді және ықтимал заңсыз кірулерді анықтау үшін жүйелерімізді бақылау; • Жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылған шараларды бақылау; • Жаңа тәуекелдердің пайда болуына және технологияның дамуына байланысты Kaspersky компаниясы қызметкерлерін тиісті оқытудан өткізу және қауіпсіздік практикаларымызды үнемі жетілдіріп отыру. Бізге хабарласу Егер осы Құпиялық саясаты және «Kaspersky» компаниясының тәжірибелері туралы қандай да бір сұрақтарыңыз немесе пікірлеріңіз болса, не болмаса сіздің бізге берген ақпаратыңызды немесе артықшылықтарыңызды жаңартқанымызды немесе жойғанымызды қаласаңыз, https://www.kaspersky.com/global-privacy-policy веб-бетіне кіріңіз, не болмаса мына мекенжай немесе телефон нөмірі арқылы «Kaspersky» компаниясының ЕО-дағы өкіліне хабарласуыңызға болады: ДҚЖЕ 13 (1) бабының (a) тармағына және 27 (1) бабына сәйкес Kaspersky Labs GmbH, Ingolstadt, Germany, info@kaspersky.de, +49 (0) 841 98 18 90 немесе ДҚЖЕ 13 (1) бабының (b) тармағына және 37 (1) бабына сәйкес ЕО-дағы деректерді қорғау жөніндегі қызметкерімізге басқа елдерден де dpo@kaspersky.com мекенжайы бойынша хабарласуыңызға болады. © 2022 АО «Лаборатория Касперского»